Accessibility links

Ашхабат жаңа көл және өзенді қолдан жасамақ


Орта Азия елдерінің бірі Түрікменстанның 80 пайыз аумағы шөлді аймақтан тұрады. Шөл жердің әрқашанда суға шөліркеп отыратындығы өмір ақиқаты.

Міне сондықтан, Түрікменстан үкіметі шөл далада қолдан көл жасап, астана қала Ашхабатты бел ортасынан кесіп ағатын өзен қазбақ. Ол жоспардан мақсат тұрғындарды ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету, дейді ресми әкімшілік. Бірақ бүкіл Орта Азия аймағындағы екі-ақ өзенге тәуелді болып отырған 5 республиканың алдында су тапшылығының кесірінен ауыл шаруашылығы мәселесі ешқашан күн тәртібінен түспей келе жатқандығы да шындық.

Ал табиғат байлығын, атап айтқанда суды кез келген мақсатқа есепсіз пайдаланудың арқасында Арал теңізі атырабы экологиялық апат аймағына айналып отырғандығы қазіргі кезде бүкіл әлемге әйгілі.

Орталық Азиядағы екі үлкен өзеннің бірі Әмудария шөлді Түрікменстанның қантамыры десе де болғандай. Түрікмен жұртына қажет судың 90 пайызын осы Әмудария қамтамасыз етеді.

Советтік заманда салынған 1 100 шақырымға созылған Қарақұм каналына да су осы Әмудариидан келеді. Бұл канал советтік орталықтан жоспарлау бағдарламасы кезінде мақта жане астық өсіру үшін қажет болған.

Қарақұм каналының маңызы жөнінде Будапеште орналасқан Ашық қоғам институтының Түрікмен жобасы бойынша директоры Ерика Дейли ханым былай дейді.

- Қарақұм әлемдегі ең өлкен каналдардың бірі. Осы каналдың арқасында Түрікменстан ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі дамып шөлді аймақтағы тіршілік-тұрмысқа ықпал жасап келеді. Егінді аймақ үшін бұл каналдың маңызы аса зор, дейді Түрікмен жобасы директоры.

Соңғы 100 жылда Орта Азия халқы он есеге көбейген. Ал сондықтан суға деген сұраныс та еселей аса түскен. Бұл әсіресе Түрікменстанда анық байқалады. Міне сол себептен Түрікменстан үкіметі аса даулы жоспарды қолға алып көрші елдерді ойландыра бастады.

Түрікменстан президенті С. Ниязов өзінің жаңа жобасының ел болашағы үшін маңызы жөнінде былай дейді.

- Мен Түрікменстанда жаңа көл салуға кірістім. Оны болашақ ұрпақ үшін жасамақпын. Оның құны 8 млд доллар болмақ. Қазірдің өзінде Дашауыздан бұл көлге тузды су келе бастады. Теңіз деуге келетін сол көл алдағы ұрпақтың су мәселесін шешеді, болмаса су тапшылығына кезігеміз, - деген Түрікменстан президенті.

Жобаға орай, Түрікмен көлі 3 500 шаршы шақырым ауқымға ие болады. Бұл Қырғызстандағы әйгілі Ыстықкөлдің жартысынан сал көп деген сөз. Мамандардың болжамына қарағанда, болашақ көл 400 шаршы шақырымдай жаңа жер ашуға мөмкіндік туғызады. Ол аумақта 450 мың тонна мақта жане 300 мың тонна дәндік дақыл өсіруге жағдай жаратады. Көл солтүстіктегі Дашауз обылысында дүниеге келмек. Ол жоба 2020 ға дейін іске асуы керек екен. Жоба бойынша ол көлге, Амудариядан тікелей емес, ауыл шаруашылығы далаларынан лелетін шайынды су екен. Бірақ ондай жобаға сенбейтіндер де бар.

Ал Өзбекстандағы Су мәселесі бойынша Орталық Азия институтының директоры Владимир Духнов ол Түрікмен жобасы бойынша Түрікменстан Амудариядан халықаралық шартта белгіленген мөлшерден асық ала алмайды.

Жобаға сын мен қарайтындар ол қаржыны Қарақұм каналын жөндеп реттеуге жұмсаған жөн еді дейді. Себебі ол каналдағы судың тең жартысы жерге сіңіп кетеді екен.

Міне енді ол көлге қоса Ашхабатта жаңа өзен де жасалмақ. 12 шақырым болатын ол өзен 2006-жылы ақпанда болатын президент Ниязовтың туылған күніне дейін бітуі қажет екен. Өзен шағалай парктер, фонтандар дүниеге келмек.

- Ленингад қандай жасыл және тыныш қала еді. Өзен жағалай серуендейтінбіз, Ашхабаттағы жасанды өзен жобасы міне сол Ленинграттағы су жолдары незгізінде дүниеге келді, - дейді президент Ниязов, өзінің ол қаладағы студенттік шағын еске алып.

Ал Түрікменстан театр және кинофилм одағының директоры Халмұрат Қылычбердиев ол жобаны ұнатады, бірақ ол өзенді құру кезінде өте абай болған жөн дейді.

- Егер өл өзеннің табаны мен жағалауын түгелдей бетонмен қаптаса дұрыс болар еді. Балкім сонда Ашхабаттық ауасы салқындау болып, қала көгалдана түсер ме еді, - деп үіттенеді Қылычбердиев.

Сыншылар көл мен өзен жасауда кездесетін проблема саны Қарамқұмды жасаған кездегіден бір неше есеге асып кетуі мүмкін екен.
XS
SM
MD
LG