Accessibility links

Алматыдағы бірнеше құқықтық ұйымдар Сорос-Қазақстан қорының қаржысымен тұрмыс деңгейі төмен жандарға тегін қызмет көрсетуде


Қарақалпақстаннан Қазақстанға 1997 жылы көшіп келген Бекназаров Раушанның Алматы қаласындағы Шаңырақ ықшам ауданындағы үйін өзінің жұбайы сатып жіберіп, отағасын дүниесіз қалдырып қашып кетеді. Дүние-мүлікпен қоса, құжатсыз қалған Раушанның құқық қорғау орындарына арыздануға, қорғаушы жалдауға қалтасы көтермейді. Раушан секілді тұрмыс деңгейі төмен, әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған өзге жандарға да өз құқықтарын қорғауға көп жағдайда осы қаржы мәселесі кедергі келтіріп жатады. Осы мәселені зерттеу мақсатында “Сорос-Қазақстан қоры” “құқықтық реформалар” бағдарламасының аясында, үстіміздегі жылы, “тұрмыс деңгейі төмен жандардың құқықтық көмек алуына қол жеткізу” деп аталатын жоба әзірлеген. “ Жоба бойынша қазір Алматы қаласында 6 құқықтық ұйым тұрмыс деңгейі төмен жандарға тегін құқықтық қызмет көрсетуде, оның 5-уі азаматтық істермен айналысса, біреуі қылмыстық істерді қарайды” - дейді ”Сорос-Қазақстан қорының” “Қазақстандағы ювенальды юстиция” бағдарламасының ассистенті Юля Коровина. Оның айтуынша, аталған ұйымдар тұрмыс деңгейі төмен жандарға тегін құқықтық көмек беру мақсатына арнап “Сорос-Қазақстан қоры” бөлген гранттар бойынша үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап 6 ай көлемінде жұмыс істейтін болады

“Аталған жоба бойынша грантқа ие болған Алматы қалалық адвокаттар алқасында, күн сайын ертеңгі сағат 10 нан кешкі 6-ға дейін тұрмыс деңгейі төмен жандарға тегін құқықтық қызмет көрсету үшін кезекші адвокат отырады” - дейді: Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Гүлнар Байғазина -Күн сайын ертеңгі сағат 10 нан кешкі 6-ға дейін тұрмысы төмен жандар біздің кезекші адвокаттарымызға келіп жолығуларына болады. Оларға міндетті түрде тегңн құқықтық, заңнамалық қызмет көрсетіледі.

Гүлнар Байғазина: “Сорос-қазақстан қоры” бөлген грант бойынша Алматы қалалық адвокаттар алқасы шілденің 5 нен тегін құқықтық қызмет көрсетуді бастады”- дейді. Оның айтуынша, Алқа құқықтық қызметті қылмыстық іске байланысты тергеу ісі басталғаннан істің сотта қаралып, үкім шығарылған кезіне дейін тегін көрсетеді.

-

Біз істің тергеуде жатқан кезінен бастап, оның сотта қаралған кезіне дейінгі шаралардың бәрін тегін істеп береміз

“Заң шығаруға көмектесу орталығы” деп аталатын қоғамдық ұйым азаматтық істер бойынша “Сорос Қазақстан қорының” гранты негізінде әл-ауқаты төмен жандарға тегін көмек көрсететін Алматыдағы 5 құқықтық ұйымның біреуі болып табылады. Орталықтың заңгері Құралай Қарақұлованың айтуынша, “Заң шығаруға көмектесу орталығы” құқықтық тегін қызметті ең алдымен жалғыз басты аналар мен мүгедектер, жұмыссыздар секілді әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған жандарға көрсетеді.

- Бізге келген азаматтар арнаулы өтініш, құжаттарды толтырады. Олар өздерінің зейнеткерлік куәлігін, немесе жалғызбасты ана яки жұмыссыз екендігі жайлы тиісті орындардан анықтама қағазын көрсетулері керек. Құжаттарды тексеріп, олардың дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін аталған жандарға тегін құқытық қыззмет көрсетеміз.

Тұрмысы төмен жандарға тегін қызмет көрсету заңнамалық кеңестер беруден, азаматтардың құқығын сотта тегін қорғауға дейінгі шараларды қамтиды. Жоба тек 6 айға арналғандықтан аталған құқық қорғау ұйымдарында 2005 жылдың қаңтар айына дейін ғана тегін құқықтық қызмет көрсетіледі. “Сорос Қазақстан қорының” “Қазақстандағы ювенальдық юстиция” бағдарламасының ассистенті Юля Коровина: “жобаның түпкі мақсаты Қазақстанда тұрмыс деңгейі төмен жандарға тегін құқықтық қызмет көрсету ісін жүйелеу болып табылады”- деп мәлімдеді. Оның айтуынша, жобаның жұмысы жемісті болып жатса, бағдарлама келесі келесі жылы да жалғастырылуы мүмкін.

- Келесі жылдың жобасы әзірге дайындық үстінде, егер тиісті орындар құп алса, онда бағдарлама келесі жылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Алматы қаласында тұратын тұрмыс деңгейі төмен жандар тегін құқықтық қызмет көрсету мәселесі туралы Алматыдағы 460486; 735575; 405469 ;728688 байланыс телефондарына хабарласып білулеріне болады.
XS
SM
MD
LG