Accessibility links

Орталық Азия елдеріне тауелсіздік не сыйлады

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Осыдан 13 жыл бұрын, тамыздың 31і - ол күнгі сейсенбіде, Қырғызстан советтік орта азиялық республикалардың ішінде алғашқы болып бұрыңғы Советтік одақтан өз тәуелсіздігін жариялады. Артынша, Өзбекстан қыркүйектің бірінде тәуелсіз болып шыға келді. Бірақ Қазақстан ол 5 республиканың ең соңы болып, желтоқсанның 16 сі күні сондай шешімге келді.

Сонымен араға 13 жылды салған ол тауелсіздік бұл Орта Азиия елдеріне қандай игілктер алып келді? Соңғы 2 күннен бері Қырғыз және Өзбек елінде егемендік, тәуелсіздік мерекесі жалғасып отыр. Орта Азия аймағы, соңғы оншақты жылдың ішінде, елдегі тарихи, саяси, мәдени, экономикалық өзгерістерге орай әлем назарын өзіне бірден тартты. Бұл жылдары ол тәуелсіз 5 республикада қаншама жаңалықтар болмады дейсіз. Ол жөнінде Азаттық радиосы ондаған тілде үзбей хабарлап келеді. Вашингтондағы Стратегиялық жане халықаралық зерттеулер орталығының Ислам бағдарламасының директоры Ширин Хантер ханым Орта Азиядағы 5 егемен елдің өткен 13 жылдық жалпы табысына онша көңілі толамайтын сықылды. Ол былай дейді: - Меніңше алдағы он жылдық уақыт бұл елдерге бір шама табысты болар. Бірақ өткенде жіберғен қателік, кемшіліктерден қорытынды шығарғанда ғана ондай игілікке қол жетіп, жаңа экономикалық табыстарға жетіп, саяси бағдарламалар баянды болуы мүмкін, - дейді вашингтондық талдаушы.

Сарапшының айтуынша, Орта Азиялық бұл 5 мемлекет Совет одағы құлағаннан кейінгі сындарға негізінен төтеп бере алмады. Экономикалық өтпелі кезең айталықтай табысты бола алмаған. - Бұл елдерде экономикалық реформа жасау мүмкіндігі болды. Бірақ бұрыңғы советтік одақ шеңберінде болған біртұтас экономикадан халықаралық экономикаға қарай бетбұрыс бірден іске аса қоймады, - дейді Ширин Хантер ханым.

Сонда бұл елдерде, шет елдік сарапшының пікірінше, айтарлықтай үлкен табыстың болмағаны ма?

Сарапшылар мұны оншалықты деңгейде кесіп айтпайды. Орта Азиялықтар алыс-жақын шет елдермен өзара аймақтық шегаралық, көліктік жол байланысын жасауға кірісті. Бұл әрине алғашқы әрекет шара дейді Хантер. Бірақ бұрыңғы советтік одақ кезінде қалай болса солай жасалған шегара сызықтары кесірінен көршілес елдер арасында ұлттық қақтығыстар, жанжалдар жалғасып, ол кей кездері қантөгіске , адам шығынына дейін жетіп отырды, дейді сарапшы. Ал ондай күрделі жағдай өзара жақын ынтымақтастық байланысқа кедергі болғандығы ақиқат, дейді Хантер.

- Дегенмен, соңғы жылдары бұл орта азиялық мемлекеттер көптеген күрделі мәселелерді шешу үшін көршілермен тату болып, өзара ынтымақтаса іс-әрекет жасаудың қажет екендігін дұрыс түсіне бастады. Мысалы, бір елде бар су, энергия қуаттары басқасында жетіспейді дегендей. Міне сондай жағдайды қалай реттеу қажет ? Соны шешу керек, - дейді вашингтондық сарапшы.

Нью Йорктегі Коломбия университетінің Орта Азия елдерін зерттеу бөлімінен профессор Питер Синноттың айтуынша, алдымен бұрыңғы советтік одақтан түбегейлі егемендік алған ол 5 республика алдымен өз тәуелсіздіктерін сақтап қала білді, оны нығайтты да. Бірақ Синноттың пікіріше, соңғы кездері Ресе және Қытайдың тікелей жасап отырған әсер-ықпалынан бұл жағдай бір шама өзгеруі мүмкін екен.

- Мысалы, экономика жағынан кейін шегінгеннен сайын орта азиялықтардың көршілес Ресей мен Қытайға тәуелділігі арта береді. Оған негізгі бір себеп, Орта Азия осы кезге дейін Ресей мен Қытайға арзан шикі зат жеткізетін аймақ болап қалып отыр. Міне сондықтан, бұл елдерде осы кезге дейін нағыз экономикалық тәуелсіздік жағдайы қалыптасты деуге әле ертерек, - дейді профессор Синнот. Ал енді, саяси тәуелсіздік мәселесінде талдаушылардың пікірі қандай. 1991-жыл аяқ астынан Советтіқ одақ құлап, бұрыңғы социалистік, коммунистік жүйе күйрегеннен кейін саяси идеологиялық кеңістікте вакуум, бос қуыс пайда болғандығы белгілі. Міне сол орынға пікір көзқарас әр алуандығы, демократиялық жүйе қағидалары келуі тиіс болатын.

Бірақ Профессор Синноттың пікірнше, бұл Орта Азиялық елдердегі басшылық, жетекшілік сол ежелгідей орталықтандырылған күйінде қала берді. Сөз жүзіндегі саяси тұрақтылық пайда болды дейді ол.

- Үкімет пен халық өзара жымдасып жұмыс істейді десек артық болар. Мысалы, Өзбекстанда жиі кездесетін полиция мен бетперделі сарбаздардың белсенді іс-тірліктерін әр аймақтан көресіз. Мұндайды әдетте соғыс жағдайындағы елдерде байқаса болады, - дейді профессор Синнот.
XS
SM
MD
LG