Accessibility links

Югославияның бұрынғы президенті Слобoдан Милошевич бүгін БҰҰ-ң сотында өзін қорғау процесін аяқтады


Кеше ол өзіне тағылған айыптарды жалған жала деп, 1990 жылдардағы Балкандағы соғысқа халықаралық қауымдастық айыпты дегенді айтқан болатын. Бүгін Милошевичке өзін қорғап сөйлеуге қосымша тағы бір жарым сағат уақыт берілді. Югославияның бұрынғы президентіне тағылып отырған әскери қылмыстардың жалпы жиынтығы 60-тай болады. Оған Хорватия мен Босния, Кососводағы соғыстар үшін және Боснияда 200 мыңдай адамның қырғынына қатысып, геноцид жасады деген айып тағылып отыр. Егер бұлардың бәрі де дәлелденетін болса, ол өмірлік түрме жазасына кесілуі мүмкін. Енді Милошевичтің өз куәлерін сот алдына келтіруіне 150 күні бар, бірінші куә жауап беруге 7 қыркүйек күні шақырылатын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG