Accessibility links

Ирақтағы ресми басшылықтың мұнай экспорты жөніндегі болжамдары қандай


Ирақтағы соғыс жаңғырығы кесірінен осы кезге дейін, күнсайын, бұл елдегі мұнай кеніштері, мұнай құбырларына, өндіріс орындарына шабуылдар жасалып тұрады.

Ал Ирақтағы ресми әкімшіліктің мәліметтеріне қарағанда, мұндай жағдай мұнай экспортына әсер етпейтін көрінеді. Оның үстіне, Иранда жаңа газ кеніштерін ашу бойынша жаңа жоспар-бағдарлама да бар екен.

Шын мәнінде, Ирақтағы мұнай-газ өндірісі мәселесі осындай қалыпты деңгей де ме ? Сәрсенбі күні Ирақтың солтүстік аймағында, Киркук-Джейхан мұнай жолы бағытындағы мұнай құбыры жарылып өртеніп жатқандығы жөнінде тағы бір хабар келіп тұсті. Ирақтағы қайта құру шараларына қаржы жетпей жатқан кезде мұнай экспортының аса маңызды екендігі белгілі.

Міне сондай аса қауырт кезде, соңғы кездері мұнай өндіріс орындарына кейтпе –кейт шабуылдар жасап үлкен кедергі болуда.

Өткен айда әсірешіл шииттер жетекшісі Моқтада ас-Садрдің жауынгерлері дерлік күн сайын шабуыл жасап мұнай экспортын өте төмендетіп жіберген болатын. Мұнай сату денгейі шілде айында күніне 46.8 млн долларға дейін құлдилады. Ал бұл өткен жылғы қазан айынан берігі ең төмен көрсеткіш еді. Бірақ соған қарамастан, Ирақ және АҚШтық ресми басшылық Ирақтағы мұнай бизнесінің болашағы мол деп көрсеткісі келеді екен. Бұл жөнінде Ирақ мұнай министрлігі өкілі АҚШтық кеңесші Норм Жидловасский өткендегі шабуылдарға қарамастан мұнай экспорты бір қалыпта сақталып тұр дегенді айтады.

- Әнгіме мұнай жүйесінің құрылымында болып тұр. Құбырлар жүйесі, мұнай сақталатын цистерналар, оларды кемелерге арту дегендей.Бірақ сол шикі мұнайды кемеге жүктегенше сақтап тұру мүмкіндігі болса ғой, - деп армандайды министрлік өкілі.

Соғысқа дейін Ирақта тәулігіне кемінде 2 жарым млн баррел мұнай өндіріліпті. Міне сол көрсеткіш тамыз айына келіп бір млнға дейін төмендеген.

Жидловасскийдің айтуынша, Ирақ өз ішкі қажеті үшін тиісті мұнайды көрші елдерден алып тұруға мәжбүр болған.

Ал экспорт мәселесі өз алдына үлкен бір проблема екендігі құпия емес. Ирақтың мұнай экспортының үштен бірін көтеретін Киркук мұнай құбыры АҚШтық одақтас күштерге қарсы топтардың шабуылы кесірінен өз жұмысын дерлік тоқтату қаупі алдында тұр.

- Оңтүстік аймақта, үкіметке қарсы тайпалар тұратын жерден мұнай құбыры өтеді. Міне сол арада мұнай құбырларына кемінде он шақты рет шабуыл жасалған - дейді бұрыңғы Ирақ басқару кеңесі кезіндегі министр Ибрахим Барул Улом.

Барул Уломның айтуынша, қазіргі Ирақ үкіметі жергілікті тайпалармен өзара ынтымақтаса істесуге кірісе бастаған. Дегенмен сақтық үшін 14 мыңдай қауіпсіздік күштері жасақталып, мұнай жолдары мен қорларын күзету шарасы қолға алынған. Ол жасақтар саны алдағы кезде екі есеге дейін көбейтілмек.

Бірақ Ирақтағы мұнай өндірісін дамыту үшін қажетті қондырғыларды жаңалауға жүздеген млн доллар қосымша қаржы қажет екен. Жидловаскийдің айтуынша, үкімет қолында көптеген жобалар бар, бірақ бар қаржы олардың бір шамасына ғана жетуі мүмкін.

- Қажетті шараларға келсек, олардың ең маңыздысы қайсы екендігі және оған қанша қаржы қажеттігін айту әзірше қыйын. Ал 2004 жылға Мұнай министрлігі бүджеттен шамамен 700-800 млн доллар бөліп отыр. Ол қаржы құрылысқа, сауықтандыруға, қауіпсіздікке, тіптен мұнай өндірісіне қажетті химикаттарды сатып алу үшін қажет, - дейді кеңесші.

Ал бұрыңғы Мұнай министрінің айтуынша, маусымға дейін әкімшілік еткен Ирақтағы АҚШ бастаған уақтынша үкімет инвестиция көмегі ретінде бір млд доллар қаржы беруді уәде еткен екен. Бірақ жеме-жемге келгенде міне сол ақшаның жартысы ғана жарым жартылай жетіпті. Жоспарланған көптеген жобалар қағаз жүзінде қалып қойған.

Ал бұл арада, Ирақ мұнай патшылығынан шығу үшін енді газ өндірісі жобасын ойластырып жатқан көрінеді.
XS
SM
MD
LG