Accessibility links

Қазақстан-ресей бiрлескен комиссиясы Байқоңыр ғарыш айлағына жалға төленген 46 миллион доллардың талан-таражға түсуiн тексеруге кiрiстi

  • Ескендір ЕРТАЙ

Ресейдiң Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашиннiң басшылығымен қазақстан-ресей бiрлескен комиссиясы Байқоңыр ғарыш айлағына жалға төленген 65 миллион доллардың талан-таражға түсуiне байланысты тексеру жұмыстарын бастайды. Бұл туралы Степашин мырза Астанаға, Тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiнiң қаржы бақылау органдары басшыларының кездесуiне келген сапарында мәлiмдедi. Бұған Ресейдiң Мемлекеттiк думасы мен Қазақстан Парламентi депутаттарының қозғау салғаны белгiлi. Мұның алдында Қазақстан Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары Серiкболсын Әбдiлдин, Төлен Тоқтасынов және сенатор Зәуреш Батталова Ресей Президентi Путинге хат жолдап, есеп-қисап құжаттары Ресейде жасалғандықтан мұны тексеру Ресейдiң құзырында деп бiлетiндiктерiн жеткiзген болатын. Байқоңыр ғарыш айлағына жалға төленген қаржының талан-таражға салынуы турасында Ресей Мемлекеттiк думасының депутаттары Рубежанский мен Гузанов Қазақстан Парламентi Мәжiлiсiнiң төрағасы Жармахан Тұяқбайға жолдаған хаттарында баяндаған. Оның артын ала Парламент депутаттары Төлен Тоқтасынов, Серiкболсын Әбдiлдин және сенатор Зәуреш Батталова Ресей Президентiне хат жолдады. Зәуреш Батталованың айтуынша Ресей қаржы министрлiгi 2001 жылдың желтоқсанында Қазақстанның Ұлттық банкiсi арқылы “Қазақстан темiр жолы” ұлттық компаниясына 65 миллион доллар көлемiндегi қаржы аударады. Компания оның 19 миллион долларын ғана пайдаланды”, -дейдi Батталова ханым.

Бұған “Қазақстан темiр жолы” ұлттық компаниясының қандай қатысы бар, ол нелiктен Байқоңырға қатысты қаржылық есеп-қисаптың iшiнде жүр деген сұрққа кәсiпорын басшысы Ерлан Атамқұлов Ресейдiң Қазақстан бюджетiне тиесiлi 65 миллион доллар көлемiндегi қарызын кәсiпорын есебiнен жабуға мiндеттеген Қаржы министрлiгiн кiнәлеп отыр.

Ресейлiк депутаттар Сыртқы экономикалық қатынастар банкiсi аударған 65 миллион доллардың толық игерiлмегендiгiн айтады. Сенатор Зәуреш Батталованың айтуынша, ол қаржының Омбылық белгiсiз үш компанияның қалтасында кеткен. Ал, бұған “Қазақстан темiр жолы” ұлттық компаниясының президентi Ерлан Атамқұлов:

“Қолымызда тұрған тiрi ақшаны бюджетке тапсырып, банкiде жатқан акрреддитив- өлi ақшаға өзiмiз ұмтылғанымыз ақылға сыймайтын iс емес пе. Бiзге тапсырма бердi. Бiз оны орындадық “,-дейдi.

Сонымен екi елдiң де Президенттерi құлақтанған iстiң ақ қарасын Ресей Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин басшылық ететiн Қазақстан-Ресей бiрлескен комиссиясы анықтамақ.

“Мен Байқоңырдағы 46 миллион долларға қатысты iстi қарауға Қазақстан Президентiнiң келiсiмiн алдым. Оның қорытындысы жөнiнде екi елдiң Президенттерiне, Парламенттерiне таяу арада есеп беремiн,-” дейдi Сергей Степашин.

Парламент Сенатының экономика, бюджет және қаржы комитетiнiң төрағасы Мүсiрәлi Өтебаевтың айтуынша, бұл iс аяғана дейiн жеткiзiледi. Өйткенi, Қазақстан Парламентi де қатаң бақылауда ұстап отыр.

Мұндай жұмысты жариялы түрде жүргiзуге Қазақстанның есеп комиетi де мүдделi. Комитет төрағасы Омархан Өксiкбаев пен комитет мүшесi Алданыш Нұрымов та алдағы уақытта осындай бiрлескен комиссиялардың ТМД елдерi бойынша есеп-қисаптарды тексерудi бастайтындықтарын айтады. Ал, “Қазақстан темiр жолы” ұлттық компаниясының президентi Ерлан Атамқұлов келесi аптада Ресей есеп комитетi мен Ресейдiң сыртқы экономикалық қатынастар банкiсiндегi тиiстi құжаттарды алған соң арнайы баспасөз мәслихатын өткiзiп өзiнiң сүттен ақ судан таза екендiгiн жариялауды жоспарлап отырғандығын жеткiздi.
XS
SM
MD
LG