Accessibility links

Тибет басшысының еліне қайту үміті азайған тұста Қытай оның үйінің маңында теміржол салып жатыр


Олимпиада ойындарының кезегі Афин қаласындағы салтанатта Пекинге тапсырылған кезеңде Қытайдағы адам құқықтарының мәселесі тағы ортаға салынып отыр. Бұл жерде ең алдымен Тибет мәселесіне дабыл қағылып жатыр. Тибетті қолдау жөніндегі халықаралық ұйым Халықаралық Олимпиада комитетіне, әлем елдерінің үкіметтеріне, үкіметаралық ұйымдарға қайырылып, Қытай үкіметіне сөз салуға шақырды. 2008 жылғы Олимпиада ойындары Қытайда өтетін болса, Қытай Тибетке қатысты баяғы үәделерін орындасын, халықаралық қауымдастық ресми Пекинді осыған мәжбүрлесін деген үндеу айтылды.

Қытай отарлау саясатының барысында 1950-шы жылы тәуелсіздігінен айырылған Тибет халқына түптің түбінде Қытай үкіметі шектеулі діни еркіндік бергені аян. Дегенмен, 1959 жылғы сәтсіз көтерілістен соң елден қашқан Далай Лама, яғни будда дініндегі ең жоғары басшы, әлі шетелде жан сауғалап жүр. Бала кезінде қашқан сол Далай Ламаның жасы бүгінде 69-да, ол Үндістанның Дхарамсала қаласында тұрады, қуғындағы Тибет үкіметін басқарады, тәуелсіздік үшін күресін жалғастырып жатыр. Діни жетекшісі елден қуылған соң зираят етушілер Джоканг хурулына барып, Далай Ламаның бос қалған тағына бас иеді, рұқсат етілген шара осындай қане. 1960-1970 жылдардағы Мәдениет революциясы науқанында Тибетте талай хурул яғни будда үйлері қиратылды, манжиктер яғни будда дінідегі монахтар түрмеге айдалды. Тибет астанасы Лхаса қаласының іргесіндегі Сера хурулында бүгінде жүзедеген манжик қане қалды. 15-шы ғасырда қаланған бұл қасиетті мекен мыңдаған манжиктердің яғни будда монахтарының үйі болатын, мұнда бес діни мектеп болатын. Сера хурулын бақылау мақсатында Қытай үкіметі Сера Демократиялық менеджмент комитетін құрды. Бұл комитет монжиктердің түстен кейін өтетін басқосуларында бақылап отырады.

Қытай қазір Тибетте және Шығыс Түркістанда яки Шыңжан-Ұйғыр автономиялық республикасында қоныстандыру саясатын жүргізіп жатқаны белгілі. Яки Қытайдың орталық аймақтарынан қытай ұлтындағы халық көптеп көшіріліп жатыр. Қытай үкіметінің ресми деректеріне қарағанда, Тибетте қазір 2700 мың халық жасайды, оның 92 пайызы – тибеттіктер. Бірақ, Лондонда орналасқан Тибетті қолдау ұйымы бұған күмән келтіреді. Тибеттіктер қазір өз елінде ұлттық азшылыққа айналды, себебі қытай ұлтының қоныстанушылары көп келіп жатыр, дейді бұл ұйым. Тибет шекарасынан Тибет орталығы Лхасаға қарай Қытай үкіметі үлкен теміржол салып жатыр. 1140 шақырымға созылатын жолдың құны 2400 миллион доллар. Тибет - әлемнің ең биік аймақтарының бірі, 4 мың метр биіктіктегі бұл жолды Қытай үкіметі әлемдегі ең кедей аймақтардың бірін дамыту мақсатында салып жатырмыз дейді. Теміржол бойындағы бір көпір ел астанасындағы Потала сарайының дәл жанында, деп жазады тілшіміз Антуан Блуа. Потала сарайы – елден қуылған Дала Ламаның үйі.

Тибетті қолдау жөніндегі халықаралық ұйымның директоры Элисон Рейнолдос Тибет елінің діни еркіндігі шектеулі, тұрақсыз деп сипаттайды. Ал теміржол салу, тоспа салу, табиғи байлықтарды өндіру сияқты жобалар тек саяси бақылау орнатуды көздейді, дейді Элисон Рейнолдос:

- Бұл жобалардың барлығы саяси бақылауды орнату мақсатында қолға алынған. Ал Тибет халқы нақты мұқтаж ететін әлеуметтік бағыттағы жобаларды іздесеңіз Тибет елінің ешбір деңгейінде оларды таба алмайсыз.

Адам құқықтары мәселесі Қытайда, жалпы, өте күрделі екені аян. Франс пресс агенттігі 31 тамыз күні хабарлағандай, Пекинде наразылық танытқан екі әйел үш жыл қара жұмысқа кесілді. Ли Гюйнан және Уаң Ксиюжи деген 40-жасар әйелдер солтүстіктегі Ляонин провинциясын келіп, Қытай жүйесінде сыбайласқан жемқорлық тым көп деген тағы төрт әйелге қосылып, наразылық танытқан. Олар Қытай басшылары тұратын үйдің қарамақарсындағы алтықабат ғимараттың үстіне шығып алып, жерге секіріп өлеміз деп үрей айтқан. Полиция алты әйелді ақылға көндіріп, жерге түсіріп алдыда кейінен сотқа тапсырды. Франс пресс агенттігі Қытайда өзін өзі өртеп жіберу, биік үйлерден секіру сияқты наразылық таныту жолдары соңғы жылдары көбейіп кетті дейді.

Қытай терроризмге қарсы күрес науқанын алға тартып, тамыз айында Шыңжан-Ұйғыр автономиялық республикасында әскери ойындарды өткізді. Рейтерс агенттігінің 2 қыркүйектегі хабарына қарағанда, Лондонда орналасқан "Амнести интернешнл" ұйымы тамыз айындағы баяндамасында Қытай үкіметі терроризмді сылтаулатып жергілікті мұсылмандарды қинап жатыр деп айтады. Соңғы үш жылда Қытай үкіметі мыңдаған мұсылмандарды қамауға алды, біраз мешітті және кейбір діни мектептерді жапты терроризмге қарсы күресті сылтаулатып, дейді Рейтерс агенттігі.
XS
SM
MD
LG