Accessibility links

Алматыда, Орталық Азия елдеріндегі аналар мен балалар денсаулығын жақсарту мәселесіне арналған форум өз жұмысын бастады

  • Досан БАЙМОЛДА

Азия Даму Банкі мен Жапонияның кедейшілікті азайту қоры бірлесіп екі жылдан бері Орталық Азия елдеріндегі күнкөрістері төмен аналар мен балалар денсаулығын жақсарту, ас-тағамдардың сапасын жақсарту мақсатына арнап арнайы жоба жасап оны іске асырып келді. Бұл мақсатқа арнап Азия даму банкі мен Жапонияның қоры 7 млн доллардың қаржысын бөліпті. Бұл қаржыдан Қазақстанның алған үлесі 1 миллондай доллар болған.

Екі жылғы жұмыс қортындысын тыңдау, алдағы жобаның екінші кезеңін талқылауға арналған Орталық Азияның 4 мемлекеті, Қазақстан,Қырғызстан, Өзбекстан , Тәжікстан және Азербайжан мен Моңғолия өкілдері қатысып отырған бұл халықаралық форумда адам ағзасы үшін өте қажет йод, темір, цинк секілді микроэлементтердің жетіспеушілігінен адамдар түрлі ауыруларға ұшырап, бұл қоғамға үлкен қиындықтар туғызып отырғаны, осыған қарсы іс шаралар алыну қажеттігі ғалым мамандар тарапынан нақты деректермен келтірілді. Қазақстан жағынан аталмыш жобаны орындаушы Қазақ Тағам Академиясының президенті,академик Төрегелді Шарманов осындай жоба жасау жөніндегі алғашқы ұсыныстың Қазақстан жағынан болғандығын, расында йод, темір секілді микроэлементтердің жетіспеушілігнен болып, аналар мен балалар түрлі ауыруларға ұшырап жатқандығын айтты. Қазақстанның Денсаулық министрлігінің мәлімет деректеріне келер болсақ Қазақстанда әйелдердің ағзасында темірдің жетіспеушілігінен 6-24 айлық жас сәбилердің 40 процентейі ми жұмысының жақсы дамымай қалу қаупіне ұшырап отыр. Ал ана құрсағында йод тапшылығы салдарынан жыл сайын сәбилердің 50 мыңдайының денсаулығы дұрыс емес күйде өмірге келеді.

Ал темір тапшылығынан болатын анемия ауыруы Қазақстандағы әйелдердің 35 процентінде кездеседі. Бұдан болып екіқабат кезінде не босанған соң көз жұматын әйелдер саны азаймай отыр. Академик Төрегелді Шармановтың айтуынша бұған қарсы күресетін амал бар.

Ол тек йодталған тұзды ғана пайдалану және де бидай ұнын темір, цинк секілді адам ағзасына өте қажет микроэлементтермен байытып барып керектену болмақ. Бұл әрине оп-оңай шешіліетін мәселе емес дейді ол. Ол үшін қаржы керек, ұйымдастыру іс әрекеттері керек. Азия даму банкі алдағы екі жылға арнап жобаның екінші кезеңін іске асыруға 2 млн доллардың қаржысын бөлгелі отыр.
XS
SM
MD
LG