Accessibility links

Жоғарғы сот Асылбек Қожахметовтiң талап-арызын қанағаттандырған жоқ

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Қазақстанның Жоғарғы сотының судьясы Сергей Пономаренко Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы саяси кеңесiнiң төрағасы Асылбек Қожахметовтiң арыз-шағымын қанағаттандырған жоқ.

Асылбек Қожахметов Қазақстан Конституциясының 14-бабына сәйкес Конституциялық құқығым бұзылып отыр деп,–Орталық сайлау комиссиясын сотқа берген болатын. Ол өйткенi сайлау кезiнде менiң қағаз бюллетеньмен дауыс беру құқығымды шектемек, – дейдi. Асылбек Қожахметовтiң шағымына сәйкес Жоғарғы сотта азаматтық iс қозғалған болатын.



Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы саяси кеңесiнiң төрағасы Асылбек Қожахметовтiң шағым-арызы бойынша қозғалған азаматтық iске Жоғарғы соттың төрағасы Сергей Пономаренко Қожахметовтiң шағымын керi қайтару туралы шешiм шығарды. Ал оның себебi бес күннен кейiн белгiлi болады дедi,– Жоғарғы соттың судьясы.



Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы саяси кеңесiнiң төрағасы Асылбек Қожахметов Орталық сайлау комиссиясы менiң сайлау кезiндегi Конституциялық құқығымды шектеп отыр дейдi. Оның талабы бойынша, Орталық сайлау комиссиясы электронды дауыс беру жүйесi өтетiн аймақтарда баламалы түрде қағаз бюллетень болу керек деп есептейдi. Сонымен қатар ол “Конституцияда жазылғандай заңмен сот алдында бәр тең, сондықтан мен қандай жүйемен дауыс берем, ерiк менде болу керек”,– деп санайды. Ал Жоғарғы соттың шешiмiне байланысты Асылбек Қожахметов төмендегiдей пiкiрiн бiлдiредi:



Ал Жоғарғы соттың алдында жауап берушi Орталық сайлау комиссиясының атынан келген Владимир Фоос соттың шешiмiн әдiл деп есептейдi. Өйткенi, оның айтуынша, электронды сайлау жүйесi әлi мемлекеттiк комиссиядан өткен жоқ. Ал мемлекеттiк комиссиядан өтпей жатып, Орталық сайлау комиссиясы электронды ақпараттық жүйенi қай қалада жүзеге асыратыны жайында шешiм қабылдай алмайды. Сондықтан да сайлау өтпей жатып, Асылбек Қожахметовтың Конституциялық құқығым бұзылып жатыр деуi жөнсiз дейдi. Ал Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева электронды дауыс беру жүйесiн Астана мен Алматы және Көкшетау қалаларында өткiземiз деп ешқашан мәлiмдеген емес дегендi айтады.



Бiрақ Асылбек Қожахметов Зағипа Балиева аталған үш қалада өткiзетiн боламыз деп ресми мәлiмдегенi туралы дәйек бар дейдi.



Сот үдерiсiне халықаралық бақылаушылар мен қазақстандық бақылаушылар да қатысты. Тәуелсiз бақылаушылардың республикалық жүйесiнiң Астана қаласы блйынша аймақтық директоры Оксана Самокейштiң айтуынша, Асылбек Қожахметовтiң Орталық сайлау комиссиясын сотқа беруi жөнсiз. Өйткенi электронды дауыс беру жүйесi шын мәнiнде мемлекеттiк комиссиядан өткен жоқ. Егер де электронды дауыс беру аппараты мемлекеттiк комиссиядан өтiп, Орталық сайлау комиссиясы ресми қай қалада өтетiндiгi туралы шешiм шығарса, сонда ғана Асылбек Қожахметовтiң шағымы дәйектi болушы едi дейдi,– Оксана Самокейш.



Жоғарғы сотта осымен сайлауға қатысты екi сот үдерiсi өтiп отыр.
XS
SM
MD
LG