Accessibility links

Американдық мұсылмандар Нью Йоркта болған республикашылардың құрылтайына қатысты, бірақ олардың президент Бушты алдағы сайлауда қолдау-қолдамауы беймәлім

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Американдық мұсылмандар осыдан 4 жыл бұрынғы президенттік сайлау кезінде Джордж Бушты қолдап дауыс берген болатын. Бірақ АҚШқа қарсы жасалғын 2001-жылғы террорлық шабуылдардан кейін жүргізілген саясат кесірінен көптеген мұсылмандардың президент Бушқа деген көзғрасы өзгергендігі белгілі.

Нью Йоркта осы аптада өткен Республикашылар партиясының құрылтайында мұсылман қауымы қатысқанымен олардың белсенділігі айтарлықтай байқалмады.

Сонымен күзгі президенттік сайлау алдынан американдық мұсылмандар жаңа президенттен не күтіп, не талап етуі мүмкін. Бұл мәселеде талдаушылардың пікірі қандай?

Осы аптада Нью Йоркте өткен Республикашылардың сайлау алды құрылтайы кезінде, Мұсылмандардың қалалық полиция департаментіндегі мешітінде ол шара алдынан намаз оқылып, имам Исақ Пашша Қасиетті құраннан сүрелер оқып тілек айтты.

- Аллаға құлдық деп, шындықты айтып өз кемшіліктерін мойындаған жандарды Алла кешіреді. Олар өз мұрат-мақсатына жетеді, - деді Имам Пашша.

Одан кейін Ирақта туылып өсіп, кейінірек америка азаматтығын алған Зайнап ал-Зубайи Саддам Хұсейнді тақтан құлатқан Буш әкімшілігінің Ирақтағы соғысын қолдап сөйледі. Құрылтайда президент Буштың қыркүйектің 11індегі террорлық шабуылдардан кейінгі ұлттық қауіпсіздік саласындағы жұмыстарын қолдап сөйлегендер де аз болмады.

Бірақ бұл 4 күндік құрылтай кезінде республикашыларды қолдаймыз деген мұсылмандар дауысы онша көп бола қоймаған.

Американ – Ислам байланыстары бойынша кеңесінен өкіл Ибрагим Хупердің айтуынша, республикашылар АҚШтағы 7 млндай мұсылман қауымының көңілінен түгелдей шықты деуге келе қоймас.

Сонда Джордж Буш осыдан 4 жыл бұрын президенттіктен үміткер кезінде сол мұсылман қауымының қолдауына қалай жеткен екен?

Сол кездегі науқандық деректерге қарағанда, Джордж Буш мұсылман қауымының қолдауына ие болу үшін 1996-жылғы заң-ереже бойынша иммиграция, көші-қон мәселесііндегі құпия шарттарға қарсымын деп мұсылмандарды ойынан шыққан көрінеді. Міне енді, ол жағдайдан жақсы хабардар президенттіктен үміткер Джон Керри бұл сәттен ұтымды пайдаланып. Мұсылмандарға азаматтық бостандық құқын беруге күресемін, анти-террорлық заңдардан зардап шеккендердің құқын қорғаймын, деп оларды өз жағына тарта бастады, дейді Американ – Ислам байланыстары кеңесінің өкілі Ибрагим Хупер.

Дегенмен, бұл мәселеде демократиялық партияның өз тұжырымдамасы бар деуге келе мекен?

АҚШтың демократиялық партиясының тұжырымдамасында АҚШ патриоттық актіндегі заңдарды қайта қарау талап етіледі. Онда Буш кезінде жасалған лаңкестікке қарсы күрес заңында даулы тұстар бар делінген. Біз алдымен жеке азматтардың тәуелсіздігін , бостандығын қорғауымыз керек, делінген демократтардың ол тұжырымдамасында.

Ибрагим Хупердің пікірінше, демократтар мұсылман қауымымен тіл табысыу жолында белсенділік көрсеткен.

- Демократтар бұл салада мұсылмандарды өздеріне тарта білді. Бұл орайда әсіресе Ралф Надердің сіңірген еңбегі орасан, - дейді Американ-Ислам байланыстар кеңесінің өкілі. Ралф Надер - тегі Ливандық, тәуелсіз кандидат. Ал енді, американдық мұсылмандардың Джон Керриге деген қазіргі көзқарасы қандай ек. Бұл орайда ресми деректер бар ма?

Соңғы саулнама нәтижелеріне қарағанда, Мұсылмандардың көбі және американдық арабтар Джон Керриді қолдап отырған сықылды. Ал АҚШтағы барлық арабтардың үштен бірі - мұсылмандар.

Бірақ американдық республикашы арабтардың пікірінше, бұл партия олардың негізгі мақсат-мұраттарына жауап беріп отыр екен.

Бұл мәслеге орай, Виржиния штатынан өкіл араб азаматы Джорж Салім өз ойын былайша жеткізеді.

- Мен әзірше өзім күә болып отыған жағдайлаға ризамын. Дегенмен республикашылар әлі де болса шағын ұлтты қауыммен етене жақындаса түскендігі жөн болар еді, әсіресе арабтарға. Дегенмен бұл орайда әрекет те жоқ емес дейді, - Джордж Салим.

Американ арабтарының көбі Буш әкімшілігінің террорлық шабуылдарға қарсы қауіпсідік шараларына риза екендігін білдіреді.
XS
SM
MD
LG