Accessibility links

Бүгін Әл-жазира телеарнасы Ирақта кепілдікте ұсталуда деп есептеліп келген үш түрікті жауынгерлік топтың жазалап өлтіріп жатқандарын көрсететін видеотаспаның бір бөлігін жариялаған


Телеарна бұл мәлімдемені Таухид, Джихад деп аталатын басшысы әл-Қаида террорлық жүйесімен байланысты делінетін топтан алғандықтарын айтады. Одан ертерек Ирақ полициясы Самара қаласының жанында үш ер адамның мәйітін таптық деп айтқан болатын. Олардың екеуі Түркия азаматы екендігі анықталған, бірақ қашан өлтірілгендері жане басқа да деректері бірден белгілі бола қоймаған. Ирақтың көтерілісші жауынегерлік топтары Ирақтан шетелдік күштердің кетуін талап етіп, кепілдікке алған адамдардың осы кезге дейін 25-тейін өлтірген.
XS
SM
MD
LG