Accessibility links

Қазақстан журналистер конгресі “БАҚ туралы” жаңа заң жобаларын қоғам талқылауына ұсынды


Жұма күні Алматыда өткен Қазақстан журналистер конгресінің көшпелі мәжілісінде атқару комитетінің басшылығы өз тараптарынан жаңа “БАҚ туралы” заң жобасын қоғам талқылауына ұсынатындықтарын білдірді. Қазақстан журналистер конгресінің төрайымы Дариға Назарбаеваның айтуынша, бұл заң жобасы қолданыстағы заң мен бұған дейін бекітілмей қалған заң жобасының және де Ақпарат министрлігінің соңғы жаңа заң жобасының ең таңдаулы деген баптарын басшылыққа ала отырып дайындалған. Сондықтан да біз бұл тұрғыда ешкіммен бәсекеге түскелі отырған жоқпыз дейді олар.

Қазақстан журналистер Конгресі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Конститутциялық кеңестің шешімін ескере отырып, “БАҚ” туралы заң жобасына қол қоймауы салдарынан бекітілмеуін жылы қабылдай отырып, қолданыстағы заңға өзгерістер енгізіп қойумен шектелуді ұсынған болатын. Алайда енді өздері дайындаған жаңа заң жобасын қоғам талқылауына шығарып отыр. Қазақстан журналистер конгресінің төрайымы Дариға Назарбаеваның айтуынша, бұл заң жобасы арқылы ешкіммен де бәсекеге шықпақ ойымыз жоқ дейді.

Заң жобасындағы басты үш мәселе: журналистер ісінің пәрменділігі және олардың билік пен сотқа сөзін өткізе алуы құқықтық негізде қорғалуы қажет дейді Дариға Назарбаева.

Ал “Сіздердің дайындап,ұсынып отырған заң жобасы Ақпарат министрлігінің заң жобасынан қандай айырмашылығы бар деген сауалымызға Қазақстан журналистер конгресі атқару комитетінің мүшесі, журналист Мейрам Базарұлы біз бір-біріміздікін толықтырып отырмыз деп жауап берді.

Алайда “Сөз” газетінің редакторы Шәріп Құрақбаев бұл бастаманы қолдай қоймайтындығын айтады. Сон дай-ақ “Ақ-жайық” газетінің бас редакторы Сабыр Қайырханов мәселе журналистердің бас құжаты билік тарапынан тағы да саяси құрбандыққа шалынбау жағын қарастыруымыз қажет дейді.

Сөйтіп, Қазақстан журналистер конгресі ұсынып отырған “БАҚ” туралы заң жобасы қоғам талқылауынан өтіп, жаңадан сайланған парламент депутаттары назарына ұсынылмақ.
XS
SM
MD
LG