Accessibility links

Бейсенбінің түнінде Ирақ солтүстігіндегі мұнайқұбыржолы жарылған соң ондағы өрт әлі жалғасып жатыр


Саботаж шабуылының салдарындағы өрт әлі күн жалғасуы мүмккін деп сипаттады Солтүстік мұнай компаниясының өкілі. Бұл құбыржол Киркөк мұнай алаңын Байджи мұнай өңдеу зауытмен байлайды, ары қарай Жерорта теңізінің түркиялық жағалауына созылады. Ресми деректерге қарағанда, апат жерінен 30 шақты әулет кетуге мәжбүр болды. Киркөк және Байджи мұнай өңдеу зауытының арасындағы жолда қатынас бүгін үзіліп отыр. Ирақ солтүстігіндегі мұнай алаңдарынан өткен аптада мұнай шығара бастап еді, мамыр айынан бері мұнда мұнай тасымалы тоқтап тұрды. Ирақ қайталанып отырған бұл қастандықтың салдарынан бір миллиард доллар жоғалтып отыр.
XS
SM
MD
LG