Accessibility links

Ирақтағы исламшыл жауынгерлер кепілдікке алған екі франциялық журналисті араағайын топтың қолына тапсырды


Журналистер қазір оппозициялық суннит-мұсылмандары тобының қолында, олар журналистерді босатамыз деп айтты, деп жазады франциялық газет. Бұл екі журналист осыдан екі апта бұрын Наджафқа бара жатқан жолдарынан жоғалып кеткен болатын. Франция сыртқы істер министрі Мишель Берниер екі азаматымызда аман сау деген хабар алдым дейді.

Кепілдікте ұсталып отырған түркиялық үш азаматты айтатын болсақ, "Әл Жәзира" араб телекомпаниясы олардың өлтіріліп жатқанын бейнелеген бейнетаспа алдық деп айтты. Оларды "Әл-Қаида" ұйымымен сыбайлас топ өлтірсе керек. Ирақ полициясы Бағдад солтүстігінде үш түркиялық жүргізуші азаматтың өліктерін таптық, бірақ бұл сол аманатқа түскен азаматтар ма, жоқ па – нақтыланған жоқ.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG