Accessibility links

Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Валкенбергте бас қосты


Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Голландияның Валкенберг қаласында бүгін екі күндік мәслихаттарын бастады. Судандағы дағдарыс, Ирақ және Израил-Палестина қақтығысының мәселелері ортаға салынды. Иран елінің күдікті ядролық бағдарламасы да мазамызды алып отыр, деп сипаттады Голландия сыртқы істер министрі Бернард Бот. Сенбі күні мәслихат Балкандағы жағдайды қарайды, Сербия және Черногорияның Еуропа Одағымен арасындағы қатынасы талқыланады.
XS
SM
MD
LG