Accessibility links

Ресейдің оңтүстік аймағындағы Беслан қаласындағы мектепте 3-күнгі жарылыс, атысулар кезінде 200ден астам қаза тауып, 700ден астам кісі ауруханаларға жеткізілді


Әкімшілік мәліметтеріне қарағанда, бүлікшілдердің 27сі өлтірілген үшеуі ұсталған. Кейбір деректерге қарағанда олардың бір нешеуі қашып кеткен болуы мүмкін. Федералдық қауіпсіздік қызметі бюросының Солтүстік Оссетия аймағы бойынша басшысы Андреевтің айтуынша, шабуылды үкіметтік күштер бастамаған. Бүлікшілдер қашып бара жатқан балалар мен ересектерге оқ ата бастағаннан кейін үкіметтік күштер мектепке басып кірген. - Көпке созылған келіссөздерден соң бандиттер аулада жатқан кісі денелерін алып кетуге мүмкіндік берді. Төтенше жағдайлар бойынша министрлік жіберген 4 дәрігер өлген адамдардың денелерін алып кете бастағанда, шамамен түскі сағат бірде мектепте екі жарылыс болды. Тұтқындағылар мектептен қашып шыға бастады. Бірақ бандиттер кіші демей, үлкен демей олардың артынан оқ жаудырды. Қашып келе жатқандарды құтқару үшін қарсы оқ атылды, - дейді ФСБ қызметкері.

Солтүстік Оссетия президентінің айтуынша, бүлікшілдер орыс әскерлерінің Шешенстаннан алып шығып кетілуін талап еткен. Андреевтің айтуынша, мектепті басып алған 20 бүлікшілдің оны арабтар көрінеді.
XS
SM
MD
LG