Accessibility links

АҚШ-тың бұрыңғы президенті Билл Клинтонға Нью-Йоркте алдағы бірнеше күнде жүрегіне операция жасалуға тиіс


Клинтон кеңсесінде хабарлағандай, оның кеудесіндегі шаншулар мен ентігуге орай ол ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер сынақтан кейін, Клинтонға тезірек операция жасау қажет деген болатын. Клинтонның зайыбы Хилари Клинтон операция келесі аптаның басында басталуға тиіс дейді. 58 жастағы Клинтон 1993-2001 жылдар аралығында президент болды. АҚШ-тың 42-інші президенті Билл Клинтон қазіргі президенттіктен үміткер болып отырған демократ Джонн Керридің сайлау науқанына дайындығына көмектесті. Және ол «Менің өмірім» атты кітабын жарыққа шығарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG