Accessibility links

Американың оңтүстік-шығысындағы Флорида штатының мыңдаған тұрғындары «Френсес» дауылының жақындап келе жатқандығына байланысты көшіріліп жатыр


Дауыл Флорида жағалауларына кеше жеткен. Қатты жел электр бағаналарын, ағаштарды зақымдады. Кейін, дауыл аяқ астынан бәсеңдеген болатын. Бірақ штат билігі жел қайта күшеюі мүмкін деген. Бұл осы аймақтағы соңғы 3 аптадағы екінші қатты дауыл. Флориданың 2 жарым миллион тұрғындарына көшу жайлы ұсыныс жасалды. Өткен айда «Чарли» дауылы Флорида штатының оңтүстік-батысында 20 адамның қазасына себепкер болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG