Accessibility links

Ресей президенті Владимир Путин 3 күн бойы кепілдіктегі адамдар төңірегіндегі оқиға айқталғансоң Солтүстік Осетияның Беслан қаласына келді


Ол зардап шеккендер жатқан ауруханада болды. Ресейдің арнайы күштері кеше күдік бойынша Араб елдерінен келген жауынгерлер және Шешен көтерілісшілері кепілдікте ұстап отырған адамдарды босату үшін, мектепке шабуыл жасаған болатын. Атыстан кейін көптеген адам қаза болды, олардың басым көпшілігі балалар. Ресейдің «Интерфакс» ақпарат агенттігі қаза болғандар саны 250-ге жетті деп хабарлады. Ресейдің телеарналарының мәліметінше, 500-ден астам адам жаралы. Путин адамдарды кепілдікке алғандарға қарсы ешкім шабуыл қолданғысы келген жоқ жеген мәлімдеме жасады. Болжам бойынша спорт залда шамамен 1000 адам кепілдікте болған. Шенеуніктердің мәліметінше, адамдарды кепілдікте ұстаған жауынгерлердің 27-сі өлтірілген және 3 адам тұтқындалды. Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Осетия шекарасы жабылсын деген шешім қабылдады.
XS
SM
MD
LG