Accessibility links

Бірнеше депутаттыққа кандидаттар құқықтарының өрескел бұзылып отырғанын айтуда


Қазақстан Республикасы парламент мәжілісінің депутаттығына бірнеше үміткер-кандидаттар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында құқықтарының өрескел бұзылып отырғандарын айтуда. Олардың пікірінше, өздеріне қарсы заңсыздықтардың бұзылуы түрліше болғанымен сол кедергілерді келтіріп, құқығымызды бұзып отырғандар жергілікті биліктегілер дейді.

Құқымыз бұзылып отыр деген бірқатар парламент мәжілісінің депутаттығына кандидаттар “Сайлау туралы” Конститутциялық заңын алдымен биліктегілердің өзі орындамауда дейді. Олар сайлау компанияларының жұмысы барысында сайланатын кандидаттардың үгіт жүргізуіне аудан әкімшіліктерінің жауапты қызметкерлерінің , КСК төрағаларының қатыстырылуымен және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің тарапынан қатты психологиялық қысым, қорқыту сияқты әрекеттермен жұмыс істетпеуде деген пікірлерін білдіруде.

Алматы қаласының нөмірі төртінші сайлау округінен депутаттыққа кандидат Нұрлан Бакирланов бұл тұрғыда өзінің түсініксіз жағдайға тап болғанын айтады. Жарнамаларды көшелерге орналастыруда қателік жіберген ол, енді қалалық қоршаған ортаны қорғау мекемесінің шешімін күтіп отырғанын жеткізді.

Ал Алматы қалалық нөмірі үшінші сайлау округінен депутаттыққа үміткер Маржан Асфандиярова құқық қорғау органдарының өзі бас болып, заңды бұзып жатқанын айтады.

Сондай-ақ Алматы қалалық нөмірі алтыншы сайлау округінен депутаттыққа үміткер Виталий Воронов жергілікті биліктің қысымына тап болғанын айта келіп, мұның өрескел заң бұзушылық екенін білдірді.

Және де осы Алматы қалалық алтыншы сайлау округінен депутаттыққа үміткер Елена Дуплина өзін биліктегілер қорқытып – үркіткенін айтады. Дегенмен ол кандидаттығын кері қайтарып алса да сайлаушыларынан өз дауыстарын Виталий Вороновқа беруін сұрап отыр.
XS
SM
MD
LG