Accessibility links

Қазақстан Президентi еврейдiң 12-ғасырда туған философ-дiншiлi Рабби Моше бен Маймон атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды


Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа еврей халқының 12-ғасырдағы ұлы философ-дiншiлi Рабби Моше бен Маймон атындағы халықаралық сыйлықты Ызрайлдың Бас раввинi Йона Мецгер мен АҚШ-тың Австриядағы бұрынғы елшiсi Рональд Лаудер табыс еттi.

Мұнан кейiн Қазақстан Президентi Астанадағы Еуразия Еврей Конгресiнiң президентi Александр Машкевичтiң шешесi атындағы «Бейт Рахел-Хабад Любович» атындағы синагоганың ашылу салтанатына қатысты. Мұны дiншiл қауым жылы қабылдағанымен саясаткерлер синагоганың Қазақстандағы Еуразиялық өндiрiстiк топтың жетекшiсi Александр Машкевичтiң анасының атымен аталуында үлкен астар бар деген пiкiрде Ызрайльдiң Бас раввинi Йона Мецгердiң айтуынша еврей халқының 12 ғасырдағы ұл философ-дiншiлi Рабби Моше бен Маймон атындағы халықаралық сыйлыққа 25 мемлекет қайраткерi мен саясаткерлерi арасынан екi адам таңдалынған. Германияның сыртқы iстер министрi Иошка Фишер Қазақстан Президентiнiң әлем алдындағы бейбiтшiлiк саясаты мен дiндер арасындағы келiсiмдi жүзеге асыру жөнiнен жол берген көрiнедi.

Астанадағы еврей қауымдастығының жаңа “Бейт Рахел-Хабад Любович” синагогиясының ашылуы салтанатында Ызрайльдың Бас раввинi Йона Мецгер “Аса мәртебелi Еуропа Конгресiнiң президентi Александр Машкевич- осы синагогияны шешесiнiң есiмiмен атап қаржыландырды”,-дейдi.

Бас қосуға қатысқан Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев” Бiздiң жаңа Астанамыз жаңару мен жасарудың нышаны болып қалыптасып келедi. Сiз әуежайдан келе жатқан жолда мешiт-Ислам Орталығынан өте бере католик храмын, парволслав шiркеуiн ендi мiне синагогаға келiп жетесiз” деп атап өттi.

Оңтүстiк Қазақстандағы Шәуiлдiрден келген еврей қауымдастығының төрағасы Ифрайм Брон бұндай шаралардың ұлттарды жақындастырып, тыныштыққа ынтымаққа шақыратындығына тоқталды. “Мәселе бiр мекеменiң ашылу жабылуында жатқан жоқ.

Мәселе Елбасы Назарбаев пен оның айналасындағы ықпалды адамдарда жатыр. Мен елдегi беделдi қазақ қайраткердiң әке-шешесi атындағы мешiтiнiң ашылуына Назарбаев қатысты дегендi естiгенiм жоқ,-” дейдi саясатшы Әмiржан Қосанов. “Александр Машкевичтiң қыруар қаржыны қалтасына басып отырғандығынан Қазақстан халқы хабардар. Шетелге асып жатқан миллиардтаған доллардың жүз мыңына салса несi бар.Салған шығар,-” дейдi “Ақжол” саяси партиясының тең төрағасы Болат Әбiлев.

“Соңғы кездерi елiмiзде бiр жағымсыз құбылыс пайда болды. Қаржысы пайда болған мырзалар ата-бабасына мешiт салдырып, кесене тұрғызып, туған жерiнде көше аттарын бергiзе бастады. Мұның өзi ақ адал еңбекпен табылған қаржыға салынып жатса, әке-шешесi, ата-бабасы риза болар едi. Бұған менiң күмәнiм бар. Халықтың жер асты байлығынан түскен табыс қазынаға қайта түсiп отыруы тиiс.”-дейдi Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясының саяси кеңесiнiң мүшесi Маржан Асфендиярова.

Ызрайльдiң Бас раввинi Йона Мецгердiң айтуынша, бүгiн Раби Моше бен Маймонның туғанына 800 жыл толса, келесi аптада еврей жаңа жылы басталады. Бұл мерекелерге Қазақстан Президентi шақырылып отыр.
XS
SM
MD
LG