Accessibility links

Әйелдердің биліктегі рөлі қандай?


Қыркүйектің 7-і күні Астанада өткен Қазақстан әйелдерінің төртінші форумында сөйлеген сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан әйелдерінің биліктегі рөлі жайында және әлеуметтік мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, ол алдағы өтетін Парламент сайлауында сайлаушыларды әйел үміткерлерге дауыс беруге шақырды. Аталмыш форумға қатысқан әйел азаматтар бұл жайында не айтады? Қазақстан әйелдерінің төртінші форумында ана мен бала мәселесі, әйел азаматардың биліктегі рөлі, жалпы әйелдердің әлеуметтік мәселесі жайында сөз қозғалды. Форумға қатысқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: -“Ерлер мен әйелдердің тең құқытары туралы” заң әлі күнге дейін қабылданған жоқ, әйелдерің биліктегі санын көбейту керек. Әйел азаматтардың қатысуымен шешілген шешім әрқашанда сапалы болады. Сондай-ақ алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауында әйел үміткерлерге дауыс беруге шақырамын- деді. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстанда жұмысысздар арасында әйелдердің саны басым, ал жұмыс істейтін әйелдерге келсек, олардың еңбек ақысы ерлерге қарағанда аз. Бүгінде әйел денсаулығы үлкен проблема. Ана мен бала өлімі де азаймай отыр деп, мәлімдеді. Қазақстан әйелдерінің төртінші форумына қатысушылардың пікірлерін білген едік. Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы Оңайгүл Тұржанның пікірінше: әйелдердің әлеуметтік мәселесі толық шешілді деп айту қиын -Әйелдердің мәселесі толық шешілді деген болмайтын да шығар. Бірақ сол әлеуметтік жағдайды шешу үшін оған әйелдердің өздері кірісуі керек. Қазір көп балаы аналар мен жетім балары мәселесі шешімін таппай отыр. Әрине ол үшін мемлекет жұмыс жасап жатыр. Бірақ әлі де шешімін таба алмай отырған мәселе жоқ емес. Ғалым Академик Әлия Бейсенова әйел азаматтардың биліктегі орны жайында былай дейді: -Әйелдердің қоғамдық жұмысқа, мемлекеттік жұмысқа араласуы ол заңды. Ал еркектен озамын, тең ғана әйелдің теңдігі үстем болсын деген біздің ұлттық тәлім-тәрбиеге жатпайды. Сенатор Бексұлтан Тұтқышевтің айтуынша, ерлерге қарағанда әйелдер өз ісіне жауапты: -Мен ендігі тоғызыншы жыл депутат болып келемін. Білетінім біздің әйел депутаттар еркек депутаттарға қарағанда он есе артық жұмыс істейді. Еркек депутаттар өз бизнесінің қамын, жеке басының жұмысын жасап жүреді. Ал әйел депутаттар заңмен шұғылданып, сонымен жұмыс жасайды. Сондықтан біздің Парламентте елу пайызы әйел депутатар болса, онда Парламенттің жұмысы едәуір жақсарар еді. Қыздар педагогикалық институтының ректоры Шәмшә Беркімбаеваның осы өткізілген форумға көңілі толмайды: -Мына форум бойынша менің көңілім толмайтын екі мәселе бар.Ол бала тәрбиесі туралы. Әйелдің негізгі миссиясы – бала туу,бала тәрбиелеу. Осы бала тәрбиесіне байланысты қоғамда шешілмеген көп проблема бар. Балалар арасындағы қылмыс азаймай отыр. Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі төмендеп барады. Ата-аналардың жауапкершілігін арттыратын заң керек шығар деп ойлаймын. Осы проблема бүгінгі форумда әңгіменің арқауы болмады. Тағы бір мәселе, ол - ана тіліне байланысты. Ана тілі деп тек біздің халықта ғана айтылады. Ана тілі балаға ананың сүтімен барады. Ана тіліміздің бүгінгі форумда орны өте төмен болды. Тек Кәмшат Дөненбаева ғана қазақ тілінде сөйледі. Қазақстан әйелдерінің төртінші форумында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке әйелдер мәселесін шешуге арналған мемлекеттік стратегияны дайындауды тапсырды.
XS
SM
MD
LG