Accessibility links

Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталық өкілдері террорлық актілерге өз пікірлерін білдіреді

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Солтүстік Осетияның Беслан қаласында болған террорлық акті Қазақстандағы әртүрлі ұлттық мәдени орталық өкілдері назарындағы оқиға болып отыр. Астана қаласындағы «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Салман Героев тероршылдардың әрекетін ешқандай да ақтауға болмайды.

Балалар мен әйелдерге, қарттарға қатыгездік жасауға болмайды. Меніңше, кез-келген мемлекет өз аумағында өмір сүріп жатқан халыққа бірдей әділеттілік танытуы керек. Салыстыру үшін айтар болсам Қазақстан Республикасында тұрып жатқан шешен-ингуштар өзімізді бөтен сезінбейміз. Бізге басқа да халықтармен бірдей қарайды. Ұлт-этникалық қатынастарды реттейтін құрал бар деп есептейміз. Бұл-халықтар ассамблеясы. Облыс, қалалардағы шағын ассамблеялар.

Біз Қазақстанның тең құқықты азаматтарымыз, дейді «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Салман Героев.

Солтүстік Осетиядағы жағдай әлемді дүр сүлкіндірді. Біз де Ресей халықы үшін қайғырамыз. Олардың қайғыларына ортақпыз.

Шын мәнінде терроршылдық бүгінгі күні барлық бағыт бойынша кеңінен таралуда, бірақ біз азаматтар оған жол бермеуіміз керек, дейді Астанадағы «Хазар» әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығының мүшесі, кәсіпкер Саят Исмайлов.

Ал, ауған соғысының ардагері, Астана тұрғыны Ғалым Қожабеков Солтүстік Осетиядағы террорлық акті Ресей үшін ғана емес, бүкіл адамгершілік рухты ұстаған әлемдегі адамзаттың қайғысы, дейді.

Аталған мәселеде Ғалым Қожабеков терроршылдыққа қарсы бүкіл әлемдік деңгейде тосқауыл қоятындай тәжірибелік қозғалыс жасау керек деген ойды айтады. Сондай-ақ ол террорлықққа қарсы шараларды жүргізуде мәселені қайтадан қарау керек дейді.
XS
SM
MD
LG