Accessibility links

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль өлкесінде АҚШ әскерінің және Ауғанстанның үкіметтік армиясы мен Талибан қозғалысы күштері арасындағы күтпеген қақтығыстың нәтижесінде 1 ауған жауынгері мен кем дегенде 6 тәліп оққа ұшты


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль өлкесінде АҚШ әскерінің және Ауғанстанның үкіметтік армиясы мен Талибан қозғалысы күштері арасындағы күтпеген қақтығыстың нәтижесінде 1 ауған жауынгері мен кем дегенде 6 тәліп оққа ұшты. Бұл қақтығыс – 9 қазанда өтетін президент сайлауының қарсаңындағы сайлауалды науқаны басталған бүгінгі күні болды. Сайлауға 18 үміткер, оның ішінде қазіргі уақытша президент Хамит Қарзай түспекші. Олар алдағы 1 ай бойы халық арасында үгіт-насихат жүргізе алады. Үміткерлердің арасындағы жалғыз әйел – Мазуда Джалал бүгін: егер өзін президент етіп сайлайтын болса, ол - Ауғанстан әйелдерінің және өткен дәуірде жапа шеккен халықтың үлкен табысы, -болады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG