Accessibility links

Қазақстанның үш оппозициялық партиясы мен “Қазақстан Темір Жолы” ұлттық компаниясы арacныдағы кeліcпecтiк

  • Дәнеш ҰЗАҚ

Қазақстанның үш оппозициялық партиясы “Қазақстан Темір Жолы” ұлттық компаниясындағы ірі көлемдегі қаржының талан-таражға түсуіне қатысы бар болуы мүмкін деген шенеуіктерді, тексеру жұмыстары кезінде қызметтерінен шеттетілуін талап етуде.

Кейбір бұқаралық ақпарат көздерінің жазғанындай, Ресей федерациясының Қазақстан алдындағы Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін төлеуге тиісті 65 миллион доллар қарызын, Қазақстан үкіметі ақшалай емес, тауар күйінде алуға келіскен. Қазақстанда шығатын “Время” қазақ тіліне аударғанда “уақыт” деп аталатын газеттің жазуынша, Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан республикасының премьер-министрі болып тұрған кезінде, осы қарыздың есебінен “Қазақстан Темір Жолы” ұлттық компаниясының қажетіне ресейлік зауыттардан темір жол жабдықтарын алу туралы үкімге қол қойған.

Ресей Федерациясының депутаты Петр Рубежанский алынған жабдықтардың нақты зауыттық құны 19 миллион долларды құрағаны, алайда “Қазақстан Темір Жолына” құрал-жабдықтар алған түрлі фирмалар, алынған жабдықтардың құны 65 миллион долларды құрайды деген жалған ақпар бергені туралы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбайға хат жолдаған. “Ресейдің Қазақстан алдындағы қарызының есебіндегі 65 миллион доллар қаржының, 46 миллион доллары талан-таражға түспесе, неге күні бүгінге дейін ол туралы Иманғали Тасмағамбетов пен “Қазақстан Темір Жолы” компаниясының президенті Ерлан Атамқұлов мәлімдеме жасамайды?” дейді, Ақ жол партиясының тең төрағасы Болат Әбілов:

- 46 миллион доллар қайда кетті?Егер таза болса, неге президент әкімшілігі, Иманғали Тасмағамбетов, Ерлан Атамқұловтар шығып, “әй жігіттер бұларың не? Біз бір тиын да алғамыз жоқ” - деп неге айтпайды?

“Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Ресейдің Қазақстан алдындағы қарызының өтелуінің заңдылығын тексеру мақсатында, Ресей Есеп Палатасының басшысы Сергей Степашинді жібергеннен кейін ғана, Қазақстан үкіметі бірлескен комиссия құрды”- дейді, Ақ жол партиясының тең төрағаларының бірі Болат Әбілов.

-

Біздің президент ештеңе айтқан жоқ қой, Иманғали да үнсіз қалды. Ресейден келген Степашин ғана: “істі тексереміз, арнаулы комиссия құрылады” - деп айтты.

Оппозициялық бағыттағы партиялар, осы іске қатысты тексеру жұмыстары аяқталғанға дейін, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінің басшысы Иманғали Тасмағамбетов өз қызметінен шеттетілуі керек деп отыр. Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясының тең төрағаларының бірі Болат Әбілов: өзінің ақтығын дәлелдеу үшін, Иманғали Тасмағамбетов қызметінен өз еркімен кеткені жөн деп санайды.

-

Біз адам өз еркімен отставкаға кетуі тиіс деп санаймыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазақстандық “Транспаренси Қазақстан” орталығының атқарушы директоры Сергей Злотников: “құқық қорғау орындары тарапынан, мемлекеттің ірі көлемдегі қаржысының талан-таражға түсуі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға қатысты, тексеру жұмыстарының жүргізілмегендігі, таңданыс туғызады” - деп отыр.

-

Құқық қорғау орындарының газет бетеріндегі мақалаларға қатысты ешбір әрекет етпегені таң қалдырады.

Ал Қазақстан жұртшылығының бұл мәселеге қатысты пікірі, екі жақты.

1. Жұмысын дұрыс істеп жатыр ғой. Істей берсін жұмысын.

2. Алдымен дәлелдеп алу керек оның кінәсін, содан кейін ғана шеттету керек қызметтен. Ал басқаша болмайды.

3. Тасмағамбетов егер ары таза шенеуік болса, онда тексеру ісі біткен ше қызметінен кетуі керек.

4.Әрине кетуі керек, себебі президент әкімшілігін басқарып отыған адамның көп адамға ықпалы болады. Сондықтан орнынан уақытша алу керек. “Қазақстанның Демократиялық Таңдауы” партиясының саяси кеңесі төралқасының төрағасы Асылбек Қожахметов, Иманғали Тасмағамбетовке қатысты: ол - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігін басқарып отырып, қазір елдегі сайлау науқанына басшылық жасауда және “Отан” саяси партиясына жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. “Отан” партиясының үгіт-насихат жұмыстарына кеткен көп шығындар, сол талан-таражға түскен 46 миллион доллардың есебінен өтелуі де мүмкін деген пікірлерді айтып отыр.

Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясының саяси кеңесі төралқасының төрағасы Асылбек Қожахметовтың осы мәлімдемесіне орай “Отан” саяси партиясының төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияев мынандай түсініктеме берді:

- Иманғали біздің партияның мүшесі емес. Оның біздің партиямызға қатынасы басқа партияларға қандай болса соншалықты дәрежеде.

Сәрсенбі күні Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясы, Қазақстан Републикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына үндеу жариялады.

Онда, Қазақстан Ресепубликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау алдындағы, үгіт-насихат жұмыстары барысында, үкіметтік бағыттағы “Отан”, “Асар”, секілді партияларға жергілікті билік орындары тарапынан заңсыз түрде қолдау жасалып отырғандығы, ал өзге саяси партияларға қысым көрсетілетіндігі айтылған.

Сонымен қатар, Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясы Қазақстан Ресспубликасының Президентінен Иманғали Тасмағамбетовтің “Отан” саяси партиясына қолдау көрсету мүмкіндігі туралы жағдайдың ақ-қарасын айыруын талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG