Accessibility links

АҚШ үкіметі Ирақтағы соғыс қимылдары ресми аяқталған уақыттан бері бұл елде 1 мыңнан аса америкалық азаматтың мерт болғанын растады


АҚШ үкіметі Ирақтағы соғыс қимылдары ресми аяқталған уақыттан бері бұл елде 1 мыңнан аса америкалық азаматтың мерт болғанын растады. Пентагонның мәліметіне сәйкес, қаза болғандардың арасында қорғаныс министрлігінің 3 азаматтық қызметкері бар. Бірақ Ирақтағы адам шығыны әлі өсіп келеді. Өткен жұмадан бері көтерілісшілермен қақтығыста 10 АҚШ жауынгері оққа ұшты. Бас-аяғы соғыс қимылдары аяқталған соңғы 1,5 жыл ішінде Ирақта 7 мыңға жуық АҚШ жауынгері жараланды.
XS
SM
MD
LG