Accessibility links

Алматыда Қазақстан-Чехия кәсіпкерлерінің бизнес-форумы болып өтті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Чехия президенті Вацлав Клаус қыркүйектің 8 і күні Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Бейсенбі күні Алматыда Қазақстан мен Чехия кәсіпкерлерінің бизнес форумы болып өтті. Оған Қазақстан мен Чехия экономикасының түрлі салаларында жұмыс істейтін ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

Бизнес-форумға қатысқан Чехия президенті Вацлав Клаус екі ел арасындағы экономикалық қарым қатынастардың оң бағытта дами түскенін атай келе екі мемелекет арасындағы сыртқы тауар айналымының тым мардымсыз екендігін атады.

Қазақстанның статистика жөніндегі агентігінің дерек мәліметтеріне қарағанда Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда айналымы 2002 жылы 76,8 млн долларды құрады ал 2003 жылы бұл көрсеткіш сәл пәл төмендеп 67,6 млн долларға түскен. 2004 жылдың алғашқы жарты жылының жағдайымен екі ел арасындағы сауда айналымы 89,9 млн долларға жеткен. Бұнда Қазақстан экспорты 39,6 млн доллар ал импорты 50,3 млн доллар болды.

Чехия Қазақстаннан негізінде шикізат өнімдері, түрлі химикаттар, фосфор, хром, қара және өңді металлдар сондай ақ тері, астық тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдерін алады. Ал Қазақстан Чехиядан автокөлік, дәрі-дәрмек, азық-түлік, тағам өнімдері, жеңілөнеркәсіп өнімдері, мебель-үй жихаздарын алады. Бүгінгі күні Қазақстанда Чехия капиталымен құрылған 72 біріккен өндіріс жұміс істейді.

Чехия президенті В.Клаустың Қазақстандағы ресми сапары барысында Чехия жағы Қазақстаннан Кеңес Одағы кезінен қалған 300 млн долардың қарыз мәселесін көтерді. Бұл көптен бері шешілмей келе жатқан проблема екендігі белгілі. 1985 жылы бұрынғы Кеңес Одағы мен Чехословакия арасында Ямбург келісімі деген құжатқа қол қойылып, сол бойынша Чехословакия Қазақстанның батыс бөлігіндегі Қарашығанақ газ конденсаты кенішін игеруге қатысқан.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Чехия жағы осы жұмысқа шыққан шығын 300 млндай доллардың қарызын Қазақстаннан талап ете бастады. Алайда Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың айтуынша бұл қарызды Қазақстан төлеуі дұрыс емес. Өйткені келісімді Чехословакия мен Кеңес Одағы деген қазір картада жоқ екі мемелекет жасады. Алайда Чехия жағының өтінішін еске алып бұл қарыз мәселесін реттеуді қарастыру екі мемелекеттің арнайы комиссияларына тапсырылды.

Чехия президенті В.Клаус Қазақстандағы сапарын бейсенбі күні аяқтап, жұма күні Қырғызстан астанасы Бішкекке аттанады.
XS
SM
MD
LG