Accessibility links

«Ресей қарулы күштері терроршылдардың базаларына соққы беретін болады» деген мәлімдемеге қазақстандық саясаткерлер мен депутаттар өз пікірлерін білдіруде

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Ресей ақпарат құралдарының хабарларына қарағанда, Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының бастығы, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Юрий Балуевский «Ресей қарулы күштері терроршылдардың базаларына соққы беретін болады» деп мәлімдеген. Және базаларға соққылар олардың қай аймақтарда орналасқанына қарамастан болатынын айтқан. Аталған мәлімдемеге орай және Бесланда болған террактіге қатысты қазақстандық саясаткерлер мен парламент депутаттары өз ой-пікірлерін білдіріп отыр.

Ресей Федерациясы қарулы күштері Бас штабының бастығы, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Юрий Балуевскийдің аталған мәлімдемесіне байланысты айтқан пікірінде саясаттанушы Әзімбай Ғали Ресейдің геосаяси амбициясы Қазақстанға да бар.

Сондықтан шешенстандағы лаң, отаршылдық соғыс бір жарым, бір жылға созылады. Осы кезеңде Қазақстан өзінің егемендігін күшейтіп, ұлттық қауіпсіздігін нығайтып алуы керек, деді.

Философия ғылымдарының докторы, профессор Қамалбай Марданов аталған мәлімдеменің негізгі мақсаты дұрыс емес деген пікірде.

Ал, парламент Сенатының депутаты Уәлихан Қайсаров жеке пікірінде Ресей қарулы күштері бас штабының мәлімдемесі Американың қатарында тұрамыз дегендей сияқты болып тұр. Біз де Америка секілді супер держава болуға құқымыз бар. БҰҰ-нан, басқа да мемлекеттерден сұрамай не істегіміз келсе соны істейміз дегенге келтіріп тұр, дейді.

Саясаткер Балташ Тұрсынбаев Ресей Қарулы күштері бас штабының бастығы Юрий Балуевскийдің мәлемдемесін жәй сөзге теңейді.

Ал, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметкері Мұхтар Кәрібай Бесландағы мектепті басып алғандардың арасында қазақстандық бар деген мәлімет Ресей бұқаралық ақпарат құралдарында теріске шығарылып жазылып жатыр, ал аталған мәселеге байланысты жіберілген нотаға жауап келген жоқ. Қазақстандықтар бар дегн сөздің өзі дұрыс емес. Кейбіреуі Қазақстанда тууы мүмкін. Олар департация кезінде,мына жаққа аударылғандардың балалары. Отыздан асқан шешен-ингуш өкілдерінің көбі Қазақстанда тууы мүмкін. Тарихи жағдайларға байланысты. Бірақ дәл қазіргі кезде Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ, дейді.

Қазақстан үкіметінде сәрсенбіде халықаралық террошылдықтың қауіп-қатеріне қарсы әрекет ету мәселесі сөз болған. Бұл жайында «Азаттық» радиосына Қазақстан үкіметі баспасөз қызметінің қызметкері Нұрлан Қалқаев хабарлады.

Үкімет отырысында премьер-министр күш құрылымдары мен мекемелер басшыларына, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жағдайға терең талдау жасауды тапсырған.
XS
SM
MD
LG