Accessibility links

Пәкістанда соғысушылардың қосы қиратылды


Пәкістан әскері Оңтүстік Үәзіристан провинциясында Дила Құла мекенінің жанында күдікті нысанаға әуеден соққы берді. Әсіре исламшыл соғысушыларын дайындайтын қос деп танылған жердегі ғимараттар толық қиратылды, 50 шақты соғысушы өлтірілді.Мұнда шетелдіктер көп дәріс алады, қаза тапқандардың арасында өзбектер, чешендер, арабтар табылды деп сипаттады Пәкістан әскери басшылығы. Пәкістан үкіметіне бағынғысы келмейтін жеке тайпалардың ықпалындағы Солтүстік және Оңтүстік Үәзіристанда исламшыл соғысушылардың қостары бар деп танылған соң Пәкістан әскері мында жиі шабуыл жасайды.
XS
SM
MD
LG