Accessibility links

Чешен көтерілісшілері Путинның басына 20 миллион доллар тікті


Чешендердің негізгі екі басшысы Аслан Масхадов және Шәміл Басаевты ұстап беруге көмектескендерге Ресей үкіметі кеше 10 миллион доллар сыйлық сайлаған болатын. Чешен көтерілісшілері бүгінгі мәлімдемесінде Ресей президенті Владимир Путинды ұстап беруге көмектескен кез-келген азаматқа, кез-келген ұйымға не болмаса кез-келген мемлекетке 20 миллион доллар сыйлық береміз деп жариялады. Веб-сайтта жарияланған мәлімдемеде Путин "соғыс қылмыскері" деп сипатталды.

Чешенстанның бұрынғы президенті Аслан Масхадов Бесланда адамдарды кепілдікке алу дағдарасына қатысым жоқ деп айтқан болатын. Бесландағы дағдарыста шамамен 330 адам қаза тапты, 700 адам жараланды ресми дерек бойынша.
XS
SM
MD
LG