Accessibility links

Ирақтағы қақтығыстарда адам шығыны көбейді


Ирақ солтүстігіндегі Тал-Афар қаласында түнде АҚШ әскерімен ирақ көтерілісшілері арасында қақтығыс орын алды. Дәрігерлердің айтуынша, кемінде 17 адам қаза тапты, 50-ден астам адам жараланды. Бүгін тәңертен АҚШ әскері Фәллуджа қаласында әуе соққысын берді. Ирақ дәрігерлері мұның салдарынан кемінде сегіз адам қаза тапты, олардың төртеуі бала, екеуі - әйел деген мәліметті айтты. АҚШ әскері соққы "Әл-Қаида" ұйымымен сыбайлас деп сезіктелетін соғысушы Абу Мұсаб Әл-Зарқауидің адамдары пайдаланып отырған ғимаратқа берілді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG