Accessibility links

Баспасөзге шолу. 09-09-04

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Бейсенбі, қыркүйектің 9-ы күні Қазақстанда жарыққа шыққан бірқатар мерзімді басылымдар “Асар” партиясының жетекшісі Дариға Назарбаеваның сайлау науқаны барысында әкімшілік ресурстарды пайдаланып, сайлаушыларға “қысым” көрсетіп жатқан “Отан” партиясын айыптап жасаған мәлімдемесін басты тақырыпқа айналдырыпты.

“Айқын” басылымы Дариға Назарбаеваның “Отан” партиясын айыптап жасаған мәлімдемесін әркім әр саққа жүгіртіп жатқандығын жазады. Автор мұны: “сайлау алдындағы бәсекелестік дейтіндер де бар, гәпті ел президенті әрі “Отан” партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен қызының арасынан іздейтіндер де бар, “міне нағыз демократия” деп тәнті болушылар да бар. Бірақ бір нәрсе айдан анық бұл демократияның көрнісі емес. Мұндай фактіні қоғамдық демократиялық күштерде осыған дейін айтып келді. Бірақ ол жеке амбиция, саяси демагогия деп еш еленбеді. Ал Дариға Назарбаева айтқанда қоғам дүрк көтерілді”, деп жазады. Автор: Дариға Назарбаеваның мұндай оқыс қадамға баруының сыры мынау болса керек, мәре жақындап, әркімнің шамасы, сайлаудың саяси контуры белгілі бола бастады. Бұл Дариға Назарбаева ханым күткендегідей де, ойлағандай да болмайтынға ұқсайды “биылғы сайлаудың тағдыры президент әкімшілігінде шешіліп қойды. Онда “Отан” және “АИСТ блогымен үш жақты келіссөздер болып, бұл келіссөздерден “Асар” партиясы шет қалғанға ұқсайды” деп топшылайды.

“Литер” апталығының кезекті санында жарық көрген “Асар” “Отанға” қарсы ма? атты мақалада да автор: “Дариға Назарбаева осыған дейін өзінің президент саясатын қолдайтынын, халықтың басым көпшілігі қазір президентке дауыс беруге дайын екендігін ашық айтқанын да ұмытты. Енді Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтын “Отан” партиясына халықтың дауыс беруіне қызының қарсы болуы түсініксіз”, деп жазады.

Сайлау додасын негізгі тақырыпқа айналдырған “Жас Алаш” газетінің кезекті санында “Мансұров қалай отанократқа айналды?” атты мақалада Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров пен облыстық ішкі саясат департаментінің бастығы Қасеновтің сайлау алдында “Отан” партиясының беделін көтеру мақсатында аудандық газеттерге жазбаша түрде тапсырма беріп, заңға қайшы келетін іс әркеттерге барғандығы баяндалыпты. Мақалада Тайыр Мансұров пен Қасеновтің жергілікті газеттерге: “Отанға хат жаз!” атты айдар ашып, оқырмандардың хаттарын жариялау туралы тапсырма берілгендігі, хаттарда өтінішпен қоса рахмет айтылып, хат иесі қарапайым адамдарға көмектесіп отырған беледі ұйым ретінде “Отанға” баға берсін” деген тапсырмасы баяндалады.

Автор облыс басшыларының осы заңсыз әркеттері үшін орындарынан қалпақтай ұшыруға болады. Бұл тапсырма қайдан шықты? “Партократ” әкімнен бір сәтте “отанократ” әкімге айналып шыға келген Тайыр Мансұровтан ба, әлде президент әкімшілігінен бе? деп сауал тастайды. Автор сөзінің соңында: “Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сайлаудың сиқын кетіріп, Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдындағы беделін түсіріп, мемлекетті де сол мемлекеттің басшысын да жерге қаратып отырған, өзіңіз сайлаған әкім-қағарларға тиым бола ма?” деп аяқтайды.

Газеттің осы санында жарық көрген “Естеновті есіртіп жүрген ненің буы?” атты мақала да Алматы облыстық білім департамантінің бастығы Тоққожа Естеновтің де сайлау алдында облыста “Отан” партиясының сойылын соғып, Ұйғыр ауданындағы мектеп директорлары мен мұғалімдерін жинап сайлау тақырыбына ашық сабақ өткізіп жүргендігі баяндалыпты.
XS
SM
MD
LG