Accessibility links

Беслан құрбандарына өтемақы тағайындалды


Ресей полициясы Санкт-Петербор қаласында кинотеатр ішінде жарылғыш заттарды және қару-жарақты таптық деп жариялады. Бұл кинотеатрда соңғы алты ай бойы қайта жөндеу жүргізіліп жатыр. Бесландағы қантөгістен соң Ресей арнаулы орындары аса үлкен сақтық жағдайына келтірілген. Полиция қылмыстық топтардың мүшелері деп танылған бірнеше адамды тұтқынға алды.

Ресей үкіметі Беслан дағдарысында туысқандарын жоғалтқан жанұяларға өтемақы береміз деді. Қаза тапқан әр жанұя мүшесіне шамамен 3400 доллар беріледі. Жерлеу шығындарына 18 мың рубль беріледі деп жарияланды. Бесландағы адамдарды кепілдікке алу дағдарысында шамамен 350 адам қаза тапқан, 700 адам жараланған, ресми дерек бойынша.
XS
SM
MD
LG