Accessibility links

Оңтүстік Корея үкіметі 1980-ші жылдардың басында плутоний зерттеулерін жүргізгенін мойындады


Халықаралық атом энергетика агенттігі бұл жағдайды тексеріп жатқанын бүгін ғылым және технология министрлігінің өкілі Ким Юаң-Шик журналистерге жариялады. Ал осыдан төрт жыл бұрын байытылған уранның аздаған мөлшерімен рұқсат етілмеген сынақтарды жүргізгенін Оңтүстік Корея осыдан бір апта бұрын мойындаған. Плутоний және байытылған уран ядролық қару өндірісіне жарамды. Солтүстік Корея сәрсенбілік мәлімдемесінде Оңтүстік Кореяның бұл қызметі аймақта қару жарақ бақталасын қоздырар еді деп сипаттады.

Оңтүстік Корея алтыжақ келіссөз барысында Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасын тоқтатуға күш салып жатқаны аян.
XS
SM
MD
LG