Accessibility links

Сыртқы істер министрі Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мәселесін осы ұйымының Тұрақты кеңесінде көтерді


Қыркүйектің 9-ы күні өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың баяндама жасағанын хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің кеңесшісі Мұхтар Кәрібаев.

- Сыртқы істер министрі өз сөзінде бұл ұйымның маңыздылығын атап өтті. Осы ұйым шеңберінде ынтымақтастыққа біздің еліміз ашық екендігін жеткізді.

Сондай-ақ ресейлік «Время новостей» газеті Тоқаевтың Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына ешқашан күмән келтірген жоқпыз, біз оның аясындағы барлық міндеттемелерді сөзсіз орындаймыз» деген сөзін келтіреді. Ал қазір Ақпарат министрі қызметін уақытша тоқтатып отырған «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбаев болса, мұндай мәлімедемеге кереғар келетін маусым айында Қазақстанның ТМД-ның бірнеше елдеріне қосылып Еуропадағы қауіпсіздін ынтымақтастық ұйымын қызметі бойынша жазған хаты болғанын еске түсіреді:

- ТМД елдерінің біздің өзгерістерімізді қабылда деп хат жазуы күлкілі нәрсе. Бұл «біз өз елімізде адам құқы мен демократияның даумына мүмкіндік бермей отырмыз, соған қолдау көрсетіңіз деумен бірдей».

Ал оппозиционер саясаткер Әміржан Қосанов Тоқаевтың мәлімдемесі екіжүзді саясаттың көрінісі деп есептейді:

- Қазақстанның ресми басшылығы ОБСЕ-мен қарым-қатынасты реттеп жатқан кезде «біздің өз жолымыз бар, халықаралық ұйымдарға жалтақудың қажеті жоқ» деп айтса, енді бүгін Тоқаев мырза ОБСЕ-ні толықтай қолдаймыз деп отыр. Бұл екіжүзділі саясат.

Сыртқы істер министрі өз баяндамасында сондай-ақ Қазақстанның ішкі мәселелеріне назар аудартқанын айтады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметкері: - Министр мырза сонымен бірге қатысушылардың назарын Қазақстанда алда болатын Парламент сайлауы мен Қазақстанның 2009 жылы осы ұйымға төрағалық ету мәселесіне аудартты.

Мұхтар Кәрібаев мырзаның сөзіне қарағанда, кездесулер барысында Қазақстанның беделді халықаралық ұйымға төрағалық етуіне көптеген мүше-елдер қолдау көрсетіп отырғаны байқалған:

- Екі жақты кездесулерде, мүше-елдердің министрлерінің, тағы басқа ресми өкілдердің кездсеулерінде көптеген елдердің Қазақстанның төрағалық етуін қолдайтындығы байқалды.

Десек те, Алтынбек Сәрсенбаев алдымен Қазақстан өзінің ішкі мәселелерін реттеп алуы керек деген ойда:

- Алдыңғы қатарлы елдердің төріне шығамын деу үшін өзіміздегі жағдайды біршама қалыпқа келтіруіміз керек. Ең құрығанда осы сайлауды әділ, анық, заңға сәйкес өткізуіміз керек.

Бұл орайда ол жақын күндері аталмыш халықаралық ұйымның Қазақстандағы сайлауды бақылаушылар миссиясының сайлау қарсаңындағы кейбір заңсыздықтар мен бұрмалаушылықтарға назар аудартатын қысқа мерзімдік есебінің жарық көргенін тілге тиек етті:

- Бұл есеппен танысып шықтым. Онда айтылғандарды толық қуаттаймын.

Саясаткер Әміржан Қосанов бұл есепте Қазақстанның халықаралық талаптардың орындалмай отырғандығы тікелей көрсетіледі дегенді айтып отыр:

- Онда бір бап бар, «Сайлау туралы» заңның өзі білгілі-бір ілгерілеушілік болғанымен, толығымен ОБСЕ-нің стандарттарына сәйкес келмейді. Қазірдің өзі сайлау болмай жатып, Қазақстанда ОБСЕ талаптарының бұзылып отырғанына оңай көз жеткізуге болады.

«Время новостей» сияқты ресейлік басылымдар Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтмақтастық ұйымына 2009 жылы төрағалық ету-етпеуі көп жағдайда қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатқан бақылаушылар миссиясының қорытынды есебіне байланысты болады деген пікір білдіріп отыр.
XS
SM
MD
LG