“Қазiр Қазақстанның Сенатында қаралып жатқан “Техникалық реттеу туралы” заң жобасы Словакия 1999 жылы қабылдаған осы аттас заңына қарағанда жақсы. Бұл заң барлық тауар өндiрушiлерге ортақ талаптар қояды. Ол бәрiнен бұрын басқа базарларға еркiн шығуға жол ашады. ДСҰ-на кiруге қам жасап жатқан елдер алдымен тұтынушыларды қорғау мәселесiнен қауiптенедi. Мұны ендiгi жерде тауар өндiрушi жауапкершiлiгiне алатын болады,” дейдi словакиялық сарапшы Павал Июнюк мырза.
“Ақмола құрылыс жабдықтары” акционерлiк қоғамының бас технологi Ишкира Қабдулованың айтуынша, кәсiпорынның халықаралық базарларға шығуына қажеттi заң жобасының кешеуiлдеуi әсер етiп отыр. “Қазақстан” мемлекеттiк сертификаттау кәсiпорнының бас директоры Ғалымжан Доғалов халықаралық сауда қатынасына кедергi болып отырған мәселе ретiнде ел аумағының географиялық алшақтығы мен климаттық өзгешелiгiн қатар қояды. Қазақстанның аккредитациялау орталығының президентi Серiк Құрманғалиев Қазақстанның өнiмдерi экспортқа өте төмен бағамен шығарылатындығын, оның басты себебi - сапалық көрсеткiштiң төмендiгiнен болып отырғандығына тоқталады.
Индустрия және сауда министрлiгiнiң бас маманы Гүлжан Iзтаева словакиялық маман сарапшылармен бiрiгiп атқарылып жатқан жаңа жобалардың өнiм сапасын жақсартып оны сертификаттау, стандарттаудың халықаралық талаптарға сәйкестендiруге ықпал ететiндiгiн айтады. Словакиялық сарапшы Павал Июнюктiң айтуынша, бұл мемлекет Еуропалық Одаққа кiруге он жыл дайындалған көрiнедi. Сөйтiп, Еуропалық Одақтың 90 пайыздық талабын қанағаттандырып, ұлттық сапа стандарттарының 3220 түрiн енгiзiптi. Оны орындайтын алуан түрлi бағыттағы соңғы техникалармен жарақтанған 93 техникалық комитеттер құрылған көрiнедi.
Ал, “Қазақстан” Мемлекеттiк сертификаттау кәсiпорнының Бас директоры Ғалымжан Доғаловтың пiкiрiнше, жаңа үлгiдегi техникалармен жабдықталған орталық немесе зертхана Қазақстанда бар деп айтуға әлi ерте.