Accessibility links

К.ПАУЭЛЛ: Таяуда Солтүстік Кәрейде болған қуатты жарылыстың ядролық сынақ болуы екіталай


Таяуда Солтүстік Кәрейде болған қуатты жарылыстың ядролық сынақ болуы екіталай., -деп санайды АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл. Оның пікірінше, болған жарылысты ядролық сынақ болды деп болжауға пәлендей негіз жоқ және сынақ өткізілген болса, оған АҚШ-тан бұрын оның көршілері алаңдайтын еді. Одан етерек Солтүстік Кәрейдің ядролық сынақ өткізе алуына Сеул де күмән келтірген болатын. Оңтүстіккәрейлік “Ренһап” агенттігінің хабарлауынша, аспанға саңырауқұлаққа ұқсаған бұлт көтерген жарылыс 9 қыркүйек күні Солтүстік Кәрейдің зымырандық базалары орналасқан аудандардың бірінде болған.
XS
SM
MD
LG