Accessibility links

Дос Көшiм: Электронды дауыс беру жүйесi барлық облыс орталықтарының сайлау учаскелерiн қамтуы мүмкiн

  • Ескендір ЕРТАЙ

«Сайлау» электронды дауыс беру жүйесi мемлекеттiк комиссияның талқысына ұсынылды. Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған 16 адамнан тұратын сарапшылар тобы электронды дауыс берi жүйесi барлық жағынан талапқа сай, дауыс берi құпиялығын қамтамасыз ете алады деген қорытынды жасады. Ал, Тәуелсiз бақылаушылардың республикалық жүйесi электронды дауыс беруге қарсы қарсылық шарасын өткiзетiнiн мәлiмдедi. ТБЖ өкiлдерiнң айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы бастапқыда электронды сайлау жүйесi республикадағы сайлау учаскелерiнiң 10 пайызын қамтиды деген болса, бақылаушылар ендi оның аясы 80-85 пайызға дейiн жетуi мүмкiн деген болжам жасап отыр.

“Бiз мемлекеттiк комиссияға сараптау қорытындыларын жасап, электронды сайлау жүйесiнiң 1-шi кезеңiн қолдануға болады деген ұсыныс жасадық,”- дейдi Қазақ гуманитарлық–заң университетiнiң ақпараттық технологиялар орталығының директоры, сараптау тобының мүшесi Талғат Әшiмов.

“Сайлау барысында менiң көзiм үш нәрсеге жетпейдi. Менiң дауысым есептеле ме жоқ па, ол дауыс мен таңдаған үмiткерге қосыла ма, менiң дауыс бергенiмдi бiреу бақылай ала ма? Бұл күмәндi. Осы сұрақтардың жауабы жоқ”,-дейдi тәуелсiз бақылаушылардың республикалық жүйесiнiң президентi Дос Көшiм.

Ал, Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған сарапшылар комиссиясының мүшесi Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығы Бас директорының орынбасары Әбдiкәрiм Төреқұлов бұл жүйе арқылы қолмен бюллетен арқылы дауыс беруге қарағанда, әлдеқайда тез әрi әдiл өтетiндiгiне, дауыс берудiң құпиялығы сақталатындығына кепiлдiк берiп отыр.

Компьютерлiк технологиялармен жұмыс жасайтын инженер Табылды Қаюпов қалай болғанда да электронды дауыс беру кезiнде оның құпиялығын сақтап қалудың мүмкiн еместiгiн дәйектейдi. Оның айтуынша, ақпараттарды қабылдау орталықтарында да программистер, мамандар қызмет етедi. Сондай-ақ, компьютердiң жадында да барлық ақпараттар сақталып қалатындығын, оны кез-келген уақытта қайта шығарып алуға болатындығын айтады.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Владимир Фоос электронды сайлау жүйесiн сараптаушылар құрамына қатысуға тiлек бiлдiрген ұжымдардың бөлген мамандары жұмыс iстедi.

“Жұрт қорқасоқтап отырған штрих код экранда сайлаушының аты-жөнi тез пайда болуына, тез дауыс беруiне ғана қызмет етедi. Штрих код электронды түрде дауыс берiлетiн республиканың 10 пайыздық мөлшерiндегi учаскелерде ғана қолданылады,-" дейдi.

Ал,Тәуелсiз бақылаушылардың республикалық жүйесiнiң президентi Дос Көшiм қыркүйектiң 13-i күнi электронды дауыс беру жүйесiн 10 пайыздық межеден әлдеқайда кең ауқымда қолдану шаралары жедел жүргiзiлiп жатқанын мәлiмдедi. Орталық сайлау комиссиясының сарапшылары болса, электронды автоматтандырылған сайлау жүйесi дауыс беру нәтижелерiн анықтау мерзiмiн қысқарту, ақпаратты заңсыз араласудан сақтау, халықты сайлау қортындысымен жедел қамтамасыз етуге таптырмайтын үлгi деп бағалап отыр. Осы комиссия құрамындағы 16 адамның бiреуi, “Ақжол” партиясының өкiлi ғана электронды дауыс беруге сенiмсiздiк бiлдiрген.
XS
SM
MD
LG