Accessibility links

Ресей елбасы Путин бүгін кабинет мүшелерін лаңкестікке қарсы әрекеттер барысын талқылау үшін жинады


Ол сондай-ақ орталық өкімет рөлін күшейту жөніндегі бастамасын жариялады. Путин мырза сонымен бірге, аймақтық губернаторларды Кремльдің тағайындайтындығын, содан кейін ғана жергілікті заң шығарушы орындардың бұл шешімді мақұлдайтындығы жөнінде айтты. Елбасы Путин бұл жөнінде: “Мемлекет басшысы белгілегеннен кейін Ресей федерациясы аймақтарының басшылары жергілікті заң шығарушы Ассамблеялар тарапынан сайланып қойылуы тиіс деп есептеймін”-, деді. Елбасы сонымен бірге Солтүстік Кавказ аймағы бойынша комиссияның құрылуына бұйрық берді. Комиссия жетекшісі болып Дмитри Козак тағайындалды. Комиссия аймақтағы қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік мәселелермен айналысатын болады. Сондай-ақ, Төменгі шатырға сайлаулардың пропорционалдық жүйемен жүргізілуіне таяу арада ұсыныс жасамақшы. Бұлайша орталық өкімет билігін күшейту лаңкестік әрекеттерге қарсы күреске бүкіл халықты жұмылдыруға мүмкіндік береді, деді ол.
XS
SM
MD
LG