Accessibility links

Кеше ғана қанды оқиғаларды басынан өткерген Херат қаласына тыныштық қайта орнады


Исмайл Ханның аймақ басшылығынан кетірілуіне наразылық барысында кем дегенде жеті адам қаза болып, 20 шақты адам жараланған еді. Шерушілердің бірі: “Біз өкіметке қарсы шеруілдеудеміз. Себебі біз тек қана өз әміріміз Исмайл Ханның билікте болғанын қалаймыз. Бұл қалада осы орынға басқа адамның отырғандығын қаламаймыз”-, деді. Ауғанстан елбасы Хамид Қарзайдың бұйрығымен орнынан кетірілген Исмайл Хан өткен түні, жергілікті теледидар арқылы сөйлеген сөзінде аталған күш қолдануларды тоқтатуға өз жақтастарын шақырған болатын. Хераттағы БҰҰ кеңселеріне жасалған шабуылдарды осы ұйымның бас хатшысы Кофи Аннан айыптады. Қаладан сондай-ақ, БҰҰ-ның бірнеше кеңселерінің көшірілетіндігі жөнінде де мәлім болып отыр.
XS
SM
MD
LG