Accessibility links

АҚШ-тың әскери әуе және артиллерия күштері Фалужа қаласының орталық аймағын нысанаға алды


Бомбалық шабуылдар барысында, кем дегенде жеті адам қаза болған. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, кейбір шабуылдар Әл-Қайдамен байланысы бар топтардың бас қосатын мекендеріне бағытталған болатын.

Ирақ өкімет басшысы Лиад Аллауидің айтуынша, келер жылдың қаңтар айына белгіленген сайлаулар сол мерзімінде болмақшы. Тіпті қазіргі кезде елде белең алып отырған күш қолданулар салдарынан кейбір аймақтардағы сайлаушыларға кедергілер де жасалуы мүмкін. Алайда мұндай қадамдар сайлау үдерісіне бөгет жасай алмайтын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG