Accessibility links

Электронды бұқаралық ақпарат құралдарында қай партия қанша рет көрсетілді?

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қыркүйектің 13-і күні Орталық сайлау комиссиясында саяси партиялар және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ақпараттық даулар жөніндегі қоғамды кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа электронды бұқаралық ақпарат құралдарының арнасына саяси партиялардың тең құқығын қамтамасыз ету тақырыбы өзек болды.

Саси партия өкілдері тарапынан республиканың теле арналарында өз партияларының насихатталуы жайында әртүрлі пікірлер айтылды.

«Руханият» партиясының өкілі Ғалия Сыздықованың айтуынша, олар телеарналарға үгіт-насихат мәселесіне байланысты өтініш етпеген. Өйткені, оған қаржылық мүмкіндік жоқ, сондықтан шағым айта алмаймыз, деді.

«Патриоттар» партиясының өкілі Болат Бейсенбаев телеарналарға айтар шағым жоқ. Өйткені, негізінен өзіміздің қаржымыз болмағандықтан өтініш етпедік, дейді.

Ал, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының өкілі Ержан Сағындықовтың бірқатар электронды бұқаралық ақпарат құралдарына шағымы бар. Бұл коммерциялық теле арнаның басшылығына, дейді.

«Асар» республикалық партиясының өкілі Құрбанали Яхияев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аралық есебі бойынша «Қазақстан» теле арнасы бізді мүлдем көрсетпейді. Сондай-ақ «Рахат» теле арнасы. 31-ші теле арна кейбір көлеңкелі реңдегі элементтерді көрсетеді. Осыған байланысты біздің өзіміз де монитроинг жүргізудеміз, деді.

Құрбанали Яхияев ақпарат министрлігінен ресми ақпаратты да алғандарын айтады. Ақпарат министрлігінен алынған мәліметі бойынша 31 теле арнада «Отан» партиясы 56 рет, «Ақ жол» 44 рет, «Коммунистік партия мен Қазақстанның демократиялық таңдауы» партияларының блогы 37 рет және «Асар» 34 рет берілген. Мейлінше көп көлеңкелі материалдар «Отан» партиясының қызметіне қатысты болды,дейді.

Құрбанали Яхияев бірқатар басылымдық бұқаралық ақпарат құралдарында «Асарға» қатысты көлеңкелі сипаттағы материалдар көп беріледі. Біз мұны кемсіту деп есептейміз. Бұл «Асардың» көсемін ғана емес, қатардағы мүшелерін де кемсіту, дейді.

«Ақ жол» партиясының өкілі Арсений Дүйсенов, өз партиялары тарапынан электронды бұқаралық арпарат құралдарына және сыртқы жарнамаларға мониторинг жүргізіліп отырғанын айтады. Дүйсеновтың айтуынша, «Асар» партиясының сайлау қорынан төленген жарнасына сәйкес берілген жарнамалық роликтерін есептемегенде «Асар» партиясы туралы тамыздың 19- ы мен қыркүйектің 8-і аралығында 217 материал, «Отан» партиясы туралы 170 материал берілген.

Мен бұларды насихаттау материалдарына жатқызар едім. Егер олардың ақысы төленген болса олардың арнаға шығуға құқы бар. Бірақ олардың ақысы төленген-төленбегенін біз білмейміз, дейді «Ақ жол» партиясының өкілі.

Дүйсенов біз бұқаралық ақпарат құралдарына тең құқықты көріп тұрған жоқпыз деген пікірде.

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиева осы арада «Сіз, жалпылама емес нақты айтыңыз» деп сөзге араласты.

Алайда, Арсений Дүйсенов өз сөзінің жалпылама емесін, қосымша материалдарды ұсынып отырғанын және әңгіменің тела арналардағы жаңалықтарындағы материалдарға қатысты екенін айтты.

Ал, Зағипа Бәлиева басқа партиялар туралы емес, өздеріңізде осы кезеңде қанша ақпараттық себептердің болғанын және оған келіп түсіріп, көрсетпегені жайында айту керек деді.
XS
SM
MD
LG