Accessibility links

Израильдің қаржы министрі Беньямин Нетаньяху Палестина жерінен бөлінудің үкімет жоспары бойынша референдум өткізуге шақырып отыр


Израильдің қаржы министрі Беньямин Нетаньяху Палестина жерінен бөлінудің үкімет жоспары бойынша референдум өткізуге шақырып отыр. Б.Нетаньяху – Израильдің бұрынғы премьер-министрі әрі үкіметтің қазіргі төрағасы Ариэль Шаронның “Ликуд” партиясындағы ең басты бақталасы болып табылады. Қоғамдық сауалнамаға қарағанда, А.Шаронның жоспарын Израиль халқының басым көпшілігі қолдайды, алайда ол “Ликуд” партиясы басшылығындағы 2 дауыстың қолдауынан айрылып қалды. Газа аймағынан армиямен қоса, 8 мың тұрғыны бар еврей қоныстарын көшіру жөніндегі премьер-министрдің жоспарына тұрғындар да қарсы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG