Accessibility links

Бірқатар үміткерлер кандидаттығын кері қайтарып алуда

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

ҚР парламенті мәжілісінің сайлауы жақындаған сайын үміткерлердің ішінде өз кандидатураларын қайтарып алушылар саны өсіп отыр. Бұл жайтқа орай өз кандидатураларын кері қайтарып алушылардың көпшілігі жергілікті биліктің ашық заңсыздықтарға жол беріп отырғанынан сайлаудың әділ өтетіндігіне сенбегендіктен осындай қадамдарға барып отырғандарын алға тартуда. Алайда ҚР Орталық сайлау комиссиясының қызметкерлері өздерінде бар деректерге сүйене отырып, үміткерлердің өз өтініштері бойынша яғни отбасы жағдайына орай немесе денсаулығына байланысты кандидатураларын кері қайтарып алуда дейді.

Бірқатар парламент мәжілісінің депутаттығына кандидаттар “Сайлау туралы” Конститутциялық заңын биліктегілердің өзі орындамауы салдарынан алдағы сайлаудың әділ өтетіндігіне сенім азая бастады дейді. Олар сайлау компанияларының жұмысы барысында сайланатын кандидаттардың үгіт жүргізуіне аудан әкімшіліктерінің жауапты қызметкерлері түрліше әрекеттермен жұмыс істетпеуде деген пікірлерін білдіруде. Сондықтан да олар өз кандидатураларын кері қайтарып алғандығын айтады.

Көкшетау қаласының нөмірі сегізінші сайлау округінен депутаттыққа кандидат Владимир Намовир өзінің кандидатурасын қайтарып алуына сайлаудың электрондық жүйемен жүретіндігі және үгіт-насихат барысындағы әкімшіліктегілердің әміршілдік әрекеттері түрткі болды дейді.

Және де Алматы қалалық алтыншы сайлау округінен депутаттыққа үміткер Елена Дуплина өзін,туысқандарын биліктегілер қорқытып – үркіткеннен соң кандидаттығын кері қайтарып алғанын айтады.

Осы мәселеге орай Орталық сайлау комиссиясына хабарласқанымызда, бөлім меңгерушісі Наталья Вешникова кандидаттығын кері қайтарып алушылардың күн сайын артып отырғандықтан нақты саны әлі жоқ екенін айтты. Ал мұның себебін ол кандидаттардың жеке бас проблемаларымен түсіндіреді.

Ал осы жайтқа орай Республикалық тәуелсіз бақылаушылар қауымдастығының төрағасы Дос Көшім мұның түрліше себептері бар екенін айтады.

Дұрысы мұндай жағдайда қолды сілтеп тастамай дер кезінде сотқа жүгінген жөн дейді Дос Көшім.
XS
SM
MD
LG