Accessibility links

Австралия Ирақта Австралияның қауіпсіздік қызметінің екі маманын қолды қылған топтың мәлімдемесінің нақтылығын тексеріп жатыр


. Австралияның сыртқы істер міністірі Александр Даунердің мәліметінше, Ирақта тіркелген 88 адамның біреуіде жоғалғандар қатарында жоқ. “Ісламдық құпия армиясы” атанған топ өкілдері Масулға бара жатқан жолда 2 австралиялық және екі азия азаматы ұрлағанын хабарлаған. Топ өкілдері егерде, Австралия 850 сарбазын Ирақтан алып кетпесе, кепілдіктегі адамдарды өлтіреміз деген мәлімдеме жасады. Ал, дүйсенбі күні Америка ұшақтары Фалудж қаласының көтерілісшілер орын тепкен деп күдіктеніп отырған орындарды бомбылады. Әйелдер және балалармен есептегенде 20 адам қаза болды. Америка әскері “Әл-Қаидамен” тығыз байланысты Әбу Мусаб әз-Заркауидің жасырынған жеріне соққы жасадық дейді.
XS
SM
MD
LG