Accessibility links

Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік Иранның ядролық мақсаттары толығымен бейбіт екендігі анық емес дейді


Бұл туралы агенттік жетекшісі Мохаммед әл Барадей бүгін Венада агенттіктің отырысы алдында хабарлады. Оның сөзінше, Иранның АҚШ мәлімдегендей жасырын түрде атом қаруын жасап жатқандығының нақты дәлелі жоқ. Бірақ, Иранның ядролық мақсаттары толығымен бейбіт екендігі анық емес. Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктегі Иран делегациясының басшысы Носсейн Моусавин Иранның уранды байыту бағдарламасын тоқтатудан бас тартатындығын қайталады. Франция, Германия және Ұлы Британия Ираннан уранды байыту бағдарламасын тоқтатуды сұраған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG