Accessibility links

Бір топ экономист-ғалымдар «Ақ жол» партиясын «экономиканы электоратты тарту құралына айналдырып» отыр деп айыптады


Сайлау қарсаңында кейбір партиялардың бағдарламарында экономикалық негізі жоқ, бір мезеттік мүддені көздейді, бұл қоғамды әлеуметтік әділетсіздікті жоймай керісінше оны арттыра түседі деген пікір білдірді экономика ғылымдарының докторы, Рысқұлов атындағы эокномика университетінің оқытушысы Диана Мадьярова.

- Мұндай идеялар электоратты тарту үшін қолданылады. Мысалы, Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясынының бағдарламасында шикізат саласындағы кәсіпорындардың салық төлемдерінің 70 пайызы республика азаматтарына бөліп олардың шоттарын салу айтлған. Егер оған салсақ, әр азаматтың шотына айына мың жарым теңгеден келеді, одан қоғамдағы жағдай жақсара түспейді.

Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы Мәдина Толегенованың айтуынша, «Ұлттық қордағы жинақ бөлігін азматтар мұқтаждықтарына жұмсау туралы ұсыныстары ертерек жасалып отыр».

- Мұны тек экономика тұрақты даму арнасына түскен кезде ғана қолға алуға болады. Оның өзінде ол ақшаны барлығына тең күйінде беру дұрыс емес, себебі, мысалы, ауқатты адамдарға 17 мың теңге неге тұрады. Рамстор дүкеніне бір барып келуге жарамайды дейді, экономист.

«Қазақстандықтардың 30 пайызы ғана кедейшілік деңгейінде өмір сүреді, яғни, қалған басым бөлігі одан жоғары тұрмыс деңгейінде екендігін тілге тиек еткен Қазақ еңбек және әлеуметтік байланыс академиясының доценті Айнагүл Адамбекова Ұлтық қордың мақсат ыбасқа екендігін айтты.

- Ұлттық қор жинақтаушы-резервтік қызмет атқарды. Мұндай резерв бізде болуы керек.

Неліктен сарапшылар саяси партиялардың ішінен тек бір ұйымның құжатына назар аударғандарының себебін білгіміз келгенде профессор Мадиярова былай деді:

- Бағдарламалардың бір-бірінен озып кеткені жоқ. Мен просто экономист болғандықтан, соның әдістерін зерттеп жатырмын. Кішкене сынап жатырмын. Кешке көршілерім у-шу болып, 75 пайыз туралы сұрайды. Ел осыған бұрылып барады. Бірақ ол дұрыс емес қой. Үгіттесе аяғына дейін дұрыс көрсетсе... Тем более қордын ақшасы жатпайды бөлуге. Жатпайды!

Ал «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Ораз Жандосов экономист ғалымдардың мәлімдемелерін сайлау қарсаңындағы саяси тапсырыс деп бағалап отыр.

- Әрине, саяси тапсырыс деуге келеді. Ғалымдарды суырып алып шығудың қажеті қанша? Одан да сол партия лидерлері немесе үкімет адамдары батыл түрде барлығын жоққа шығарсын. Ал аттары соншалықты мәлім емес ғалымдардың артына тығылу дұрыс емес деп есептеймін.Егер олардың есептері дайын болса, пікірталас жасауға әзірміз.
XS
SM
MD
LG