Accessibility links

АҚШ-тың БҰҰ-ындағы елшісі Дж.Данфорт: Ирақтағы қантөгіс қақтығыстардың толастамауына қарамастан, алдағы қаңтар айына белгіленген сайлау кейінге қалдырылмайды


Ирақтағы қантөгіс қақтығыстардың толастамауына қарамастан, алдағы қаңтар айына белгіленген сайлау кейінге қалдырылмайды. АҚШ-тың БҰҰ-ымындағы елшісі Джон Данфорттың мәлімдеуінше, Ирақтағы сайлаудың кешіктірілуі елдегі қантөгістерді ұйымдастырғандардың жеңісі болып табылады. Кеше Ирақта бірқатар тұтқиыл шабуыл мен бомба жарылысынан 70-ке жуық адам қаза болды. Бағдадтың Хайфа қаласындағы автокөлікке орнатылған бомбаның жарылысынан 47 кісі, оның ішінде полиция қызметкерлері мен бейбіт халық құрбан болды, 100-ден аса адам жараланды.
XS
SM
MD
LG