Лондондағы сөзінде Блэр егерде бұл проблеманы тез арада қарастырмасақ, климаттың өзгеруі адамзатқа кері әсерін тигізуі ықтимал деді. Тони Блэр 8 өндіріс елді - Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ресей және Құрама Штаттарды жаһандық жылуға қарсы шаралар стратегиясын жасауға бастама болуға шақырды.