Accessibility links

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының президенттері Қазақстанда жиналды


Бұрыңғы кеңес одағының құрамындағы 12 мемлекет Солтүстік Осетиядағы Беслан қаласындағы мектептегі адамдарды кепілдікке алу оқиғасынан кейін, лаңкестікпен күресу үшін, бірігу мәселесін талқылап жатыр. Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан ортақ экономикалық аймақты дамыту келісімі төңірегіндегі қадамдарды талқылайды. Армения мен Әзірбайжан Таулы Карабахтағы дауды реттеу төңірегінде келіссөздер өткізбекші. Саммитке Түркменстан президенті Сапармұрат Ниязов қатыспайды. Ал Молдавия президенті Владимир Воронин Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымын тиімсіз деп атап, саммитке келген жоқ.
XS
SM
MD
LG